Көмірсулардың қарында қорытылуы. Азық құрамын да ғы
органикалық заттардың негізгі бөлігі (80 пайызы) көмірсулар дан -
клетчатка, крахмал, əртүрлі қанттардан тұрады.
Балғын азықтар құрамында 40 пайыз, жемде 75 пайыз, ал
ірі азықтарда 80 пайызға дейін көмірсулар болады. Қарындағы
көмірсулардың қорытылуы негізінде микробиологиялық ашу
процесі жатады. Микроорганизмдердің əсерімен қарында азық
құрамындағы жеңіл қорытылатын көмірсулардың көп бөлігі жəне
клетчатканың 70 пайызы қорытылады. Дегенмен, көмірсулардың
əр түрін қорыту ерекшеліктері болады (6-сызба). Сондықтан осы
ерекшеліктерді жекелеп талдап өтейік.
Достарыңызбен бөлісу: |