204
Ас қорыту жолында клетчатканың ыдырау дəрежесіне бір-
неше факторлар əсер етеді. Солардың ішінде негізгілерінің бірі -
өсімдік торшаларының лигниндену дəрежесі. Лигнин организм-
де қорытылмайды. Балғын өсімдіктер құрамында лигнин аз бо-
лады да, олар организмде жеңілірек қорытылады. Ал өсімдік
қатая келе клетчатка құрамында лигнин көбейіп, микроорганизм-
дер əсеріне кедергі артады да, оның қорытылуы нашарлайды.
Бактериялардың аз ғана түрі лигнинді ыдырата алады. Сондықтан
ірі азықты малға берер алдында арнаулы өңдеу арқылы лигнинді
жұмсартып, клетчатканың қорытылуын жеңілдетуге болады.
Мұндай өңдеу не физикалық (ұнтақтау, булау), не химиялық
(əктеу, сілтілермен не қышқылдармен өңдеу), не биологиялық
(ашытқылау, сүрлемдеу) жолдарымен жүреді. Зерттеулерге
қарағанда, сабанды алдын ала малға беруге дайындаудың осы
əдістерінің өзі рацион құрамындағы ірі азықтың құнарлығын 1,5-
2 есе жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Қарында клетчатканың қорытылу дəрежесі мен ыдырау
жыл дамдығына рацион құрамындағы жеңіл қорытылатын кө-
мір сулардың (крахмал мен қанттар) үлесі өте зор əсер етеді.
Көмір сулардың бұл тобының рационда аз болуы клетчатканың
ыдырауын жылдамдатса, көп болуы - оны айтарлықтай тежейді.
Рацион құрамында малдың тірілей массасының əр килограмына
1,2-3 грамнан клетчатка келсе, оның қорытылуы жоғарылайды
да, одан əрі көбейсе, нашарлайды. Шөп пен жемнен тұратын ра-
цион құрамында қанттың мөлшері малдың тірілей массасының
əр килограмына шаққанда 1-3 грамнан, ал тек пішенмен азық-
тандырғанда – 2 грамнан аспағаны жөн.
Жеңіл қорытылатын көмірсулар қарын микроорганизмдері
үшін тиімді қоректік зат, құнды энергия көзі болып табылады да,
олардың қаулап өсуіне қолайлы жағдай туғызады, ас қорытуды
жақсартып, мал өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Ал раци-
он құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулар шамадан тыс ар-
тып кетсе, мес қарындағы ашу процесі қарқындап, көп мөлшерде
сүт қышқылы түзіледі де, қарын жынының қышқылдығы жоға-
рылайды, микроорганизмдердің өніп-өсуіне, əрекеттеріне қажетті
жағдайлар қолайсызданып, клетчатканың қорытылуы нашарлай-
ды, түзілген сүт қышқылы қанға сіңіп, организмде зат алмасу
процесі бұзылады.
Қарында клетчатканың ыдырау процесі дұрыс жүру үшін ра-
цион құрамында белгілі мөлшерде азот та болу керек. Клетчатка-
ны ыдырататын бактерия түрлері қарында белоктардың ыдырауы
205
кезінде пайда болатын амин қышқылдарын пайдалана алмайды.
Сондықтан олар азот көзі ретінде қарында түзілген аммиакты
пайдаланады. Осыған орай қарын микроорганизмдерінің бұл
өкілдерінің əрекеті дұрыс деңгейде жүру үшін азық құрамында
кемінде 5 пайыз «шикі» протеин болуы керек немесе рационға
белокқа жатпайтын азотты қосылыстар араластырылғаны жөн.
Осы мақсатпен кейінгі кезде күйіс малының рационына карба-
мид (несепнəр) қосу кең етек алып жүр. Ескеретін бір жай, ра-
цион құрамында белок, не жеңіл еритін азотты қосылыстар тым
көбейіп кетсе, микроорганизмдердің өніп-өсуі, əрекеті тежеліп,
клетчатканың қорытылуы нашарлайды.
Мес қарында клетчатканың қорытылу дəрежесіне микроэле-
менттер де зор ықпал етеді. Рационға кобальт, темір, магний, мар-
ганец, мыс сияқты элементтерді қосса, клетчатканың ыдырауы
күшейеді, ал фтор жəне марганец элементінің тым көп мөлшері
бұл процесті тежейді.
Қорыта келгенде, мес қарында клетчатканың қорытылу дə-
режесі микроорганизмдердің тіршілік əрекетіне тығыз байла-
нысты. Сондықтан микроорганизмдердің өніп-өсуіне жа
ғым-
ды жағдай туғызатын факторлар клетчатканың ыдырауын
жақ сартады. Мес қарында ас қорыту процесі дұрыс жүру үшін
ра
цион құрамына жеңіл қорытылатын көмірсулар, белоктар,
микро элементтер енгізіп, микроорганизмдер үшін қолайлы жағ-
дай туғызу керек.
Достарыңызбен бөлісу: