Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Мес қарында белоктардың қорытылуы



Pdf көрінісі
бет169/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Мес қарында белоктардың қорытылуы. Мес қарындағы ас 

қорыту процесі тек көмірсуларды ашытумен тынбайды. Мұндағы 

микроорганизмдердің əрекетімен рацион құрамындағы азотты 

заттар да күрделі өзгерістерге ұшырап, олардан микроорганизм-

дер денесінің белогы түзіледі. Ал бұл микроорганизмдер ұлтабар 

мен ішекте қорытылып, организм үшін құнды белоктар көзіне ай-

налады (7-сызба).

Күйіс малының қарнында азық құрамындағы белоктар мик-

ро  оганизмдердің əрекетімен терең өзгерістерге ұшырайды. Мес 

қарында азық белоктарының ыдырауы амин қышқылдарын тү-

зу 

 

 



мен шектелмейді, процесс тереңдеп, аммиак түзіледі. Осы 


211

аммиак 


тың азотын қарындағы микроорганизмдер сіңіріп, одан 

өз денесінің белогын синтездейді. Қазіргі деректерге қарағанда, 

мес қарында азық құрамындағы өсімдік белогының 40-80 пайызы 

микроорганизмдер белогына айналады.

Малды қалыпты азықтандыру жағдайында мес қарында ам-

миак көп мөлшерде жиналмай, микроорганизмдер оны тез сіңі-

ріп отырады. Малды дұрыс азықтандырмаған кезде, əсіресе, 

ра цион құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулар азайып, ірі 

азықтар көбейсе, микроорганизмдердің өніп-өсуіне қажетті энер-

гия жетіспегендіктен олардың саны күрт төмендейді, аммиакты 

пайдаланатын бактериялар саны азаяды. Бұл жағдайда қарында 

аммиак көп мөлшерде жиналып, ол қанға сіңеді де, бауырда 

несепнəрге айналады. Аммиактың біраз бөлігі несепнəрге айна-

лып үлгермей қанға тарайды да, организмнің улану қаупі туын-

дайды.

Мес қарында аммиак тек белоктар, амин қышқылдары мен 



несепнəр ыдыраған кезде ғана пайда болмай, холин, аспарагин, 

глютамин сияқты аминдерден жəне нитрат пен нитриттерден де 

түзіледі. Демек, ол барлық азотты заттарға ортақ ыдырау өнімі 

болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет