210
21-кесте. Əртүрлі рациондағы қойлардың мес қарнындағы ҰМҚ кон-
центрациясы
Азық түрлері
Мес қарындағы ҰМҚ ара қатынасы, молярлы %
Сірке
қышқылы
Пропион
қышқылы
Майлы
қышқыл
Деректер авторы
Беде пішені
Табиғи пішен
Жайылым оты
Жүгері
66,9
68,0
65,5
46,0
22,5
19,0
19,5
32,0
6,7
13,0
15,0
18,5
Грей, 1951
Армстронг, 1958
Елсден, 1945
Эннисон, 1954
Баяндалған жайлар күйіс қайыратын мал организмі үшін ұш-
палы май қышқылдарының маңызы зор екенін, мес қарындағы ас
қорыту процесінің сипаты мен онда түзілген ыдырау өнімдерінің
мөлшері мал қабылдаған көмірсулардың табиғатына байланысты
өзгеретіндігін көрсетеді. Демек, рационға əртүрлі азықты таңдап
енгізу арқылы оның құрамындағы көмірсулардың түрлерін рет-
тей отырып, мес қарындағы ас қорыту процесінің қарқыны мен
бағытына, организмнің қоректік заттарды сіңіру дəрежесіне əсер
етуге болады. Бұл баяндалған жайлар 21-кестеде келтірілген де-
ректерден жақсы байқалады.
Рацион құрамында клетчаткаға бай пішен неғұрлым мол
болса, мес қарында сірке қышқылы соғұрлым көбірек түзіледі.
Ал рационға крахмалға бай азықтар араласса (мысалы, дəнді
азықтар) мес қарындағы ашу процесінің бағыты өзгеріп, қарын
жынында пропион қышқылы көбейеді де, сірке қышқылы азая-
ды. Малды құнарлы азықпен бордақылағанда мес қарында майлы
қышқыл көп түзіледі. Рацион құрамында белоктың үлесі көбейсе,
қарындағы ұшпалы май қышқылдарының жалпы концентрация-
сы жоғарылағанымен, тек сірке қышқылының үлесі артады да,
майлы қышқыл концентрациясы азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |