Гипофиздің артқы бөлігі немесе нейрогипофиз түрленген
нейроглиялық торшалардан - питуициттерден құралған. Бұл
торшалар гормондар түзу процесінде белгілі рөл атқарады.
Қазіргі кезде қалыптасқан көзқарастарға сəйкес нейрогипофиз
гормондары гипоталамустың супраоптикалық жəне па
ра
вен-
трикулярлық ядроларында түзіледі де, липопротеидтік секрет
түйіршіктері түрінде гипоталамус-гипофиз жолы аксондары бо-
йымен гипофиз сабағы арқылы гипофиздің артқы бөлігіне өтеді.
Гипофиздің артқы бөлігі тек нейросекреттер қоймасы ғана емес,
сонымен қатар олардың белсенді күйге айналуын қамтамасыз
ететін маңызды орган. Нейрогипофизде нейросекреттер окси-
тоцин жəне вазопрессин гормондары түрінде жиналады. Ва-
зопрессин гипоталамустың супраотпикалық, ал окситоцин -
паравентикулярлық ядроларында түзіледі.
Вазопрессин антидиурездік əсер етеді. Ол бүйрек түтік
ше-
лерінен алғашқы зəр құрамындағы судың кері сорылуын жан-
дандырады. Бұл гормон бүйрек түтікшелері эпителийінің гиа-
луронидаза ферментін бөлуін күшейтеді. Аталмыш фермент
торша аралық заттардағы гиалурон қышқылын полимерсіздеп,
түтікшелер қабырғасының өтімділігін жоғарылатады, реабсорб-
ция процесін күшейтеді. Осымен байланысты вазопрессинді
антидиуретин (АДГ) деп те атайды. Бұл гормон алғашқы зəр-
ден калий, натрий жəне хлоридтердің кері сорылуын тежеп,
минералдық заттар алмасуына реттейді. Сонымен қатар вазо-
прессин артериолалар мен капиллярлар арнасын тарылтып, қан
қысымын жоғарылатады.
359
Окситоцин - холинэстеразаны бейтараптап, ацетилхолиннің
белсенділігін арттырады, жатырдың бірыңғай салалы еттерінің,
желіннің альвеолалық бөлігіндегі миоэпителийдің жиыры-
луын күшейтіп, сүттің бөлінуін, малдың июін реттейді. Ок-
ситоцин тұмса малдың туар алдында желіндеуін, желінде май
түйіршіктерінің түзілуін жандандырады.
Аталық малда окситоцин шағылысу кезінде шəуеттік жолдың
бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтіп, эякуляция ту-
дырады.
Достарыңызбен бөлісу: |