Оқулық. Алматы: жшс рпбк


11.8. Қалқанша без жəне оның қызметі



Pdf көрінісі
бет280/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

363

11.8. Қалқанша без жəне оның қызметі

Қалқанша без - кеңірдектің алдыңғы екі-үш сақинасының 

вентральдық беткейінде, көмекейдің қалқанша шеміршегінің 

артында орналасқан жұп без. Оның массасы жылқы мен сиырда 

25 – 40 г, шошқада 15 – 20, қой-ешкіде 5 – 10 г, тауықта 40 – 100 

мг. Əр түлік малда бездің пішіні əрқилы: ірі қара мен итте без 

бөліктері мойнақ арқылы жалғасса, жылқы мен қой-ешкіде мойнақ 

онша сезілмейді, ал шошқада без бөліктерге бөлінбей тұтаса жа-

тады. Филогенездік тұрғыда без ас қорыту ағзаларымен байланы-

сты, жұтқыншақ қабырғасынан дамиды. Без сыртынан дəнекер 

ұлпалы қапшықпен қапталған. Одан бездің ішкі ұлпаларына пер-

делер тарап, без жеке-жеке көпіршіктерден (фолликулалардан) 

тұратын бөліктерге бөлінеді. Көпіршіктер қабырғасы бір қабат 

эпителий торшаларынан құралып, сырт жағынан қан капилляр-

ларына бай дəнекер ұлпалы қабықпен қапталған. Көпіршіктер 

қуысы құрамында тиреоглобулині бар біртекті коллоидпен толған. 

Көпіршіктегі коллоидтың мөлшері бездің функционалдық күйіне 

байланысты өзгеріп отырады: жұмыс үстіндегі безде коллоид 

азаяды.

Қалқанша без қанмен өте мол жабдықталады. Қанды ол ал-

дыңғы жəне артқы жұп қалқаншалық артериялардан алады. 

Адамда без арқылы сағатына 5-6 л қан өтеді. Иттің денесіндегі 

қан қалқанша безден күніне 16 рет өтіп шығады. Органның 100 

г массасына шаққанда қалқанша бездегі қан айналым қарқыны 

артқы аяқтан 100 есе, қанқа еттерінен 46, мидан 28, бүйректен 5,5 

есе артық. Без кезеген жəне симпатикалық жүйке талшықтарымен 

жүйкеленеді.

Қалқанша без тироксин жəне үшйодты тиронин деп атала-

тын екі гормон түзеді. Олар тирозин амин қышқылының туынды-

сы болып табылады. Тироксиннің құрамында йодтың төрт атомы, 

ал үш йодты тирониннің құрамында - үш атомы болады. Үш йод-

ты тиронин тироксинмен салыстырғанда, 5–10 есе белсендірек, 

бірақ ол аз мөлшерде түзіледі.

Тироксин без торшаларында белокпен қосылыптиреогло-



булин түзеді де, көпіршіктер қуысына бөлінеді. Ол молекулалық 

массасы 670000-ға тең гликопротеид болып табылады жəне 

көпіршік қуысында бұйығы түрде бірнеше айға дейін сақталады. 

Гипофиздің тиреотроптық гормонының əсерімен тиреоглобу-

лин ыдырап, оның құрамынан тироксин жəне үш йодты тиро-

нин бөлінеді. Бұл гормондар эпителий торшалары арқылы қанға 

сіңеді де, тироксин альбуминмен байланысып, тиреоальбумин 

түзіледі. Гормонның тек аз ғана мөлшері еркін күйде кездеседі. 




364

Қалқанша без гормондары организмдегі зат алмасу проце-

сінің қарқынын, малдың өсіп-жетілуін реттейді, жоғары дəре-

желі жүйке қызметіне əсер етеді. Бұл гормондар торша мито-

хондрияларындағы тотығу процесінің қарқынын жоғары латып, 

торшадағы қуат жəне белок алмасуын күшейтеді. Тироксин 

белоктардың, көмірсулардың, майдың тотығуын жандандырып, 

ұлпалардың глюкозаны сіңіру қабілетін жоғарылатады, бау-

ыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын шапшаңдатады. 

Тироксин əсерімен тек қуаттық алмасу ғана емес, құрылымдық 

өзгерістер жақсарып, организмнің өсіп-жетілуі шапшаңдайды. 

Қалқанша без гормондары денедегі су мен минералды тұздардың 

алмасуын да реттейді, ас қорыту ағзаларының қызметіне ықпал 

етеді: кілегейлі қабық эпителийінің қызметін жандандырып, 

белоктың, ұшпалы май қышқылдарының, кальций мен фосфор 

тұздарының, т.б. қосылыстардың сіңуін жақсартады. Олардың 

əсерімен бұлшық еттегі алмасу процестері күшейіп, сүт түзу 

процесі жақсарады, желінде казеин мен бета-лактоглобулиннің 

синтезі артады (130-сурет). Бұл гормондар мал тұқымдарының 

пісіп-жетілуіне де ықпал етеді деген пікірлер бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет