наласқан. Ол аралық мимен қызметі жəне құрылымы жағынан өте
тығыз байланысты. Гипофиз сыртынан мидың қатты қабығымен
қапталады.
Гипофиз қанмен жақсы жабдықталады. Қан күре тамырдың
артериялар арқылы келеді. Бездің алдыңғы бөлігіне келетін ар-
лярлар жүйесін түзеді. Бездің артқы бөлігі (нейрогипофиз) қанды
артқы гипофиз артериясынан алады. Қан гипоталамустан адено-
354
торшаларында түзілген биологиялық белсенді заттар аденогипо-
физге тасымалданып, троптық гормондардың түзілуін күшейтеді.
Вена қаны гипофизден гипоталамус бағытында ағады.
Гипофиз барлық омыртқалы жануарларда кездеседі. Құрылысы
жағынан оны төрт бөлікке бөледі. Олар: 1) туберальдық, 2) ал-
дыңғы, 3) аралық (ортаңғы), 4) жүйкелі, немесе артқы бөліктер.
Туберальдық, алдыңғы жəне аралық бөліктерді біріктіріп,
аде ногипофиз деп атайды. Ал, жүйкелі бөлік, гипофиз шанағы
жəне сұр төмпешіктің ортаңғы дөңесін нейрогипофиз деген атпен
біріктіреді. Құстарда, киттерде, дельфиндерде, пілдерде аралық
бөлік болмайды.
Эмбриональдық даму кезінде аденогипофиз ауыз қуысының
эктодермасынан дамиды, табиғаты жағынан ол эпителийлі құры-
лым болып табылады. Ал, нейрогипофиз мидың 3-қарын шасының
түбінен дамиды, ол жүйкелі құрылым.
Гипофиздің алдыңғы безді бөлігінде 3 түрлі торшалар кез де-
седі: 1) хромофобтар немесе негізгі торшалар (нашар боялады),
2) базофильдер (сілтілік бояулармен боялады), 3) ацидофильдер
немесе оксифильдер (қышқыл бояулармен боялады). Хромофоб-
тар торшалар қоры болып табылады, гормондар түзбейді, орга-
низм жағдайына қарай олар базофильдерге не ацидофильдерге
айналып отырады.
Ацидофильдік торшалар өсу гормоны (соматотроптық гор-
мон) мен пролактин түзетін екі түрлі торшаларға, ал базофильдік
торшалар - тиреотроптық, адренокортикотроптық, фолликуланы
жандандырғыш, лютеиндеуші гормондар түзетін торшалар бо-
лып төртке бөлінеді.
Анатомдардың тоғызыншы Халықаралық конгресінде гипо-
физдің алдыңғы бөлігі торшаларының мына номенклатурасы
қабылданды.
Торша аттары:
Олар түзетін гормон аттары:
Тиреотропоциттер
Тиреотроптық (ТТГ)
Кортикотропоциттер
Адренокортикотроптық (АКТГ)
Соматотропоциттер
Соматотроптық (өсу гормоны, СТГ)
Гонадотропоциттер:
а)фолликулотропоциттер
Фолликуланы жандандырғыш (ФЖГ)
ə) лютеотропоциттер
Лютеиндеуші (ЛГ)
Лактотропоциттер
Лактогендік (пролактин, ПРЛ)
Меланотропоциттер
Меланоцитті жандандырғыш (МЖГ)
Гипофиздің аралық бөлігінде меланоцитті жандандырғыш
гормонды (МЖГ) түзетін меланотропоциттер орналасады.
355
Гипофиздің артқы бөлігі питуициттер мен миелинсіз жүйке
талшықтарынан құралған. Питуициттер - пішіні жағынан əр-
текті, бірнеше цитоплазмалық өсінділері бар секрециялық торша-
лар. Нейрогипофизде коллоид тəрізді секрет бөлетін түтік ше -
шоқ бездер де болады.
Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын
алады. Оған əртүрлі функциялар тəн. Гипофиз басқа эндокриндік
бездердің қызметін реттеуге қатысады, сондықтан оны орталық
без деп есептейді. Гипофиз гормондары организмнің негізгі
биологиялық процестерін, денедегі зат алмасуды - судың, мине-
ралды тұзардың, көмірсулардың, белоктың, майдың алмасуын
реттейді.
Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөлінеді. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: