су процесін күрт төмендетіп, малды əлсіретіп жібереді. Мұндай
365
операциядан кейін ет тонусы нашарлап, дене температурасы
тө мендейді, жыныстық қызмет бұзылып, жүйке жүйесінің қоз-
ғыштығы əлсірейді, жоғары дəрежелі жүйкелік қызмет бұзылып,
шартты рефлекстердің қалыптасуы қиындайды. Безі жас кезінде
сылынып тасталған малдың сүйегі қатайып-жетілмей, жыныстық
ағзалардың, жүйке жүйесінің дамуы тоқтап қалады, мал өспейді.
Бездің гиперфункциясынан адамда базед дерті байқалады.
Бұл жағдайда зат алмасу қарқыны жоғарылайды, адам қатты
арық тап, жүректің соғуы жылдамдайды, дене қызуы көтеріліп,
жұ мыс қабілеті төмендейді, əлжуаздық, тершеңдік, ашушаңдық
сезі леді. Гипертиреоз (бездің қызметінің жоғарылауы) жағдайын-
да ми қыртысының қызметі бұзылып, қозу процесі басым
дық
алады да, тежелу процесі нашар туындайды,
мал тез болдырып,
жылдам арықтай бастайды.
Организмде йод жетіспеген жағдайда без шырышты секретті
көп бөліп, көпіршіктер қабырғасы керіліп кетеді де, бездің
көлемі өседі, бірақ секрециялық торшалар қызметі нашарлайды,
гормондардың түзілуі бұзылады. Бұл ауруды жемсау (зоб) деп
атайды. Без қызметі біржола тоқтап қалса, шырышты ісік - мик-
седема дерті байқалады. Ауру балалардың өсуі тоқтап, сүйектің
жетілуі тежеледі, жүрек соғуы сиреп, зат алмасу процесі нашар-
лайды, дене температурасы төмендеп, ас қорыту ағзаларының
жұмысы бұзылады. Мұндай балалар өспей, жарымес болып
қалады. Ересек адамдарда зат алмасу процесінің қарқыны 30 – 40
пайызға төмендеп, белоктың алмасуы бұзылады, ұлпа аралық
қуыста муцин мен альбуминнің мөлшері көбейіп, ұлпалық
сұйықтың онкостық қысымы жоғарылайды. Осының салдары-
нан су ұлпаларда қалып қояды да, организм ісініп кетеді, жоғары
дəрежелі жүйкелік қызмет нашарлайды, адамның ойлау қабілеті
төмендейді. Қалқанша бездің қызметі бəсеңдесе, малдың өсуі ба-
яулап, жыныстық жетілуі тежеледі, жыныс айналымы бұзылады.
Бұл бездің қызметі əртүрлі жағдайларға байланысты ауытқып
отырады. Қыста бездің белсенділігі жоғарылап, жазда төмен-
дейді. Бездің физиологиялық гиперфункциясы буаздық, сүттену
кезеңдерінде байқалады, ал маусымдық ұйқыға кететін жа-
нуарларда қысқы ұйқы кезінде без қызметі төмендейді. Мұндай
жануарлардың ұйқыдан оянуы бездің жұмысының күшеюімен
байланысты.
Қалқанша без көпіршігінің сыртында орналасқан ерекше тор-
шалар (парафолликулярлық торшалар) тиреокальцитонин гор-
монын түзеді. Бұл гормон қан құрамындағы кальцийді сүйек
ұлпаларына жинақтап, оны үнемдеуге мүмкіндік туғызады. Соны-
366
мен қатар тиреокальцитонин бүйрек арқылы фосфордың бөлінуін
қамтамасыз етіп, қандағы кальций мен фосфор элементтерінің
арақатынасын реттеп отырады. Аталмыш гормон қалқанша
серік безінің паратгормонына кері əсер етеді. Бұл гормондардың
бөліну қарқыны олардың қандағы деңгейіне байланысты
өздігінен реттеліп отырады. Мысалы, тиреокальцитониннің
əрекетімен қандағы кальций деңгейінің төмендеуі өз кезегінде
паратгормонның бөлінуін күшейтіп, сүйектен кальцийдің қанға
шайылуын шапшаңдатады.
Қалқанша бездің қызметі рефлекстік жəне гуморальдық жол-
дармен реттеледі. Орталық жүйке жүйесі қалқанша без қызметіне
мойынның симпатикалық түйінінен шығатын симпатикалық
жүйке талшықтары мен кезеген, тіл-жұтқыншақ жəне бұғақ (тіл
асты) жүйкесінің талшықтары арқылы ықпал етеді. Қалқанша без
гормондарының бөліну қарқынының температура ауытқуларына,
дене жұмысына жəне басқа да стрессорлар əсеріне байланыс-
ты өзгерістері осы жолмен қамтамасыз етіледі. Қалқанша без-
дің қызметін торлы құрылым симпатикалық жүйке арқылы
күшейтеді. Қалқанша без гормондарының түзілуі мен бөлінуін
реттеуде тиреотроптық гормон бөлетін гипофиздің де маңызы
зор. Өз кезегінде қалқанша без басқа бездермен тығыз байланы-
сты. Ол ұйқы безі гормондарының бөлінуін тежеп, бүйрек үсті
безі мен жыныс бездерінің қызметін жандандырады.
Достарыңызбен бөлісу: