Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Қалқанша серік бездер жəне олардың қызметі



Pdf көрінісі
бет282/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

11.9. Қалқанша серік бездер жəне олардың қызметі

Қалқанша серік бездер қалқанша бездің арт жағын ала, оған 

жабыса орналасқан кішкентай құрылымдар. Олар 3 жəне 4 жел-

безек қапшықтарынан дамиды да, балықтан басқа омыртқалы 

жануарлардың барлығында кездеседі. Жылқы, түйе, қой-ешкіде, 

ит пен қоянда қалқанша серік бездер қос, ал шошқада - жалғыз 

жұп.

Қалқанша серік бездер симпатикалық жəне парасимпатика-



лық (оралымды жəне көмекейлік) жүйкелермен жүйкеленеді, 

қанмен мол жабдықталады. Бездер жақсы қапшықталғандықтан 

қалқан ша безден бөлектене жатады.

Без негізгі жəне оксифильдік торшалардан құралған. Негізгі 



торшалар секрециялық қызмет атқарып, гликоген жинақтайды, 

ал оксифильдік торшалар маңызы əлі толық анықталмаған.

1926 жылы Коллип қалқанша серік бездерінің сығындысы нан 

қан құрамындағы кальций деңгейін жоғарылататын зат бөліп, 

оны паратгормон деп атаған. 



367

Паратгормон молекулалық массасы 9500-ге тең полипептид. 

Оның құрамында 84 аминқышқылдық қалдық болады. Расмуссен 

зеттеулері нəтижесінде паратгормонның А, В, С деп аталатын үш 

фракциясының болатыны анықталған. Олар молекулалық мас-

сасымен (3778, 6512, 8582) жəне амин қышқылдық қалдықтар 

санымен ерекшеленеді. Паратгормон сүйекте кальцийдің жина-

луын реттейді, кальцийдің белоктармен, фосфаттармен қосылыс-

тар түзуін шапшаңдатады, кальций мен фосфордың сүйектен 

шайылуын жеңілдетеді, қан құрамындағы кальций мөлшерін 

жоғарылатады. Сонымен қатар паратгормон бүйректе кальцийдің 

кері сорылуын, ішек энтероциттерінің кальцийді тасымалдауын 

жеңілдетеді.

Қалқанша серік безінің гипофункциясы жағдайында немесе 

оларды сылып тастағанда мал тынышсызданып, жүйке жүйесінің 

қозғыштығы жоғарылайды, ет тонусы күшейіп, денеде діріл 

байқалады. Бездерді сылып тастағаннан соң малдың тəбеті жойы-

лып, шөл пайда болады, жүрек қағысы мен тыныс жиілеп, ішек 

қимылы нашарлайды, күн санап еттің тартылуы жиілеп, осындай 

бір қайталау кезінде тыныс еттерінің қарыса жиырылуының салда-

рынан мал тұншығып өледі (131-сурет). Қалқанша серік бездерін 

сылып тастағаннан соң организмде аминсіздеу процесі бұзылып, 

бауырдың аммиакты несепнəрге айналдыру қабілеті нашарлайды. 

Осының салдарынан ет қоректі жануарлар организмінде қандағы 

кальций деңгейінің төмендеуіне байланысты белоктың ыдырау 

өнімі - гуанидин мен оның туындылары көбейіп, олардың алма-

суы бұзылады да, организм уланады.

Бездердің бір жұбын алып тастаса, еттердің тартылып, қа-

рысуы сезілмейді, бірақ мал арықтап, оның жүні түсе бастай-

ды, теріні жара басады, тіс үгітіліп, малдың жұмыс қабілеті на-

шарлайды, бүйрек жұ мысы бұзылып, қандағы кальций мөлшері 

төмендейді.

Малға паратгормон егу арқылы жасанды түрде бездердің ги-

перфункциясын тудырса, қандағы 

кальций деңгейі жоғарылап, фос-

фор деңгейі төмендейді, бұл эле-

менттер организмнен көп мөлшерде 

шығарыла бастайды. Осының сал-

дарынан сүйек борып, онда кеуектер 

пайда болады да, майыса бастайды

малдың тəбеті жойылып, жүйке 

жүйесінің қозғыштығы төмендейді, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет