368
ет болбырап, ішекке қан құйылады, бүйрек түтікшелеріне каль-
ций шөгеді. Одан əрі мал əлсіреп, өліп кетеді.
Қалқанша серік бездер қызметінің реттелу тетіктері əлі толық
зерттелмеген. Безді жүйкесіздендіргеннен кейін оның қызметі
айтарлықтай бұзылмайды. Без қызметінің гуморальды жолмен
реттелуі жайлы деректер əлдеқайда молырақ. Паратгормон мен
кальцитониннің бөлінуі қайтарымды байланыс принципімен
қандағы кальций мөлшерінің ауытқуларына қарай өзгеріп отыра-
ды. Қан құрамында кальций мөлшері төмендесе, паратгормонның
бөлінуі күшейеді, жоғарыласа – керісінше, гормонның бөлінуі
баяулайды. Қанда кальций деңгейі жоғарыласа, кальцитониннің
бөлінуі күшейеді.
Қалқанша серік бездердің қызметіне гипофиз де əсер етеді.
Гипофизді алып тастаса, қалқанша серік бездер семіп қалады.
Достарыңызбен бөлісу: