пептид. А-тізбек 21, а В-тізбек 30 амин қышқылдық қалдықтан
тұрады. Оған түліктік қасиет тəн. Инсулин организмнен тыс жа-
санды жолмен алынған бірінші белок.
375
Инсулин байланысатын рецепторлар табиғаты жағынан гли-
копротеин молекулалары болып табылады да, олар бауыр тор-
шаларының, қаңқа еті талшықтарының, май ұлпасы тор ша ла ры-
ның мембранасында орналасады.
Инсулиннің физиологиялық əрекетінің механизмі əлі толық
ашылмаған. Инсулин мен рецептордың өзара əрекеті кезінде
бөлінетін медиатордың табиғаты да анықталмаған. Инсулин нің
əсері кальций иондарының қатысуымен жүреді деген болжам бар.
Инсулин торша мембранасының глюкозаға өтімділігін жо-
ғарылатып, глюкозаның торша аралық қуыстан торша ішіне енуін
жылдамдатады, гликогеннің түзілуін жандандырып, оның бау-
ырда ыдырауын бəсеңдетеді. Глюкозаның пайдалануын арттыра
отырып, инсулин организмде май қышқылдарының тотығуын,
кетонды денелердің түзілуін тежейді, майдың қорға жина-
луын жақсартады. Ол ұлпалардағы глюконеогенез процесінің
қарқынын төмендетіп, белоктың биосинтезін арттырады. Күйісті
малда инсулин желіннің глюкозаны сіңіруін жақсартып, оны сүт
түзуге қажетті қосылыстармен қамтамасыз етуде маңызды рөл
атқарады.
Бета-торшалардың қызметі күшейсе, инсулиннің бөлінуінің
артуымен байланысты қан құрамында глюкоза деңгейі тө
мен-
дейді. Гипогликемия жағдайында тыныс жиілеп, ми мен жұлынға
глюкоза жетіспейді де, олардың қозғыштығы жоғарылап, дене
дірілдейді, мал қатты терлейді, соңынан бұлшық ет тонусы на-
шарлап, температура төмендейді, инсулиндік немесе гипо
гли-
кемиялық есеңгіреу
(шок) байқалады.
Инсулин жетіспеген жағдайда гипергликемия, глюкозурия
байқалып, қан құрамында кетонды заттар артады, организм диа-
бет дертіне шалдығады. Бұл ауруға шалдыққан организм зəрді
көп бөледі де (полиурия), дене кебірсіп, шөлдеу түйсігі туындай-
ды, көп мөлшерде су ішіледі (полидипсия - сусамыр). Инсулиннің
бөліну қарқыны қандағы глюкоза деңгейіне байланысты: ол
жоғарыласа, гормонның бөлінуі күшейе түседі. Инсулиннің
бөлінуіне плазма құрамындағы амин қышқылдарының, адре-
налиннің, глюкагонның, секретиннің деңгейі де əсер етеді.
Инсулиннің бөлінуін СТГ, АКТГ, ТТГ, глюкокортикоидтар, ти-
роксин, глюкагон, кальций иондары үдетеді, ал адреналин мен
норадреналин - баяулатады. Кезеген жүйке инсулиннің бөлінуін
үдетеді, симпатикалық жүйке тежейді.
Без бөлетін екінші гормон - глюкагон, полипептидке жата-
ды. Оның молекулалық массасы 3500, құрамында 29 амин қыш-
қылдық қалдық болады.
376
Глюкагон - инсулин кереғары. Ол гликогеннің глюкозаға ай-
налуын шапшаңдататын фосфорилаза ферментін белсендіріп,
қандағы глюкоза деңгейін жоғарылатады. Глюкагон липидтер
алмасуына да əсер етеді. Ол май қышқылдарының тотығуын
шапшаңдатып, кетонды заттардың түзілуін күштейді, май ұл-
паларынан глицерин мен май қышқылдарының босауын жан-
дандырады. Бұл гормон тез ыдырайтын болғандықтан, оның
шипалық құны төмен. Глюкагон негізінен бүйректе жойылады.
Глюкагонның бір түрі жануарлар ащы ішегінің эндокриндік
бездерінде де түзіледі. Ол аралшық без глюкагонынан құрылымы
жəне қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұл гормон ішек
қуысындағы глюкозаның əсерімен бөлініп, қанға сіңгеннен
кейін ұйқы безінің бета-торшаларының қызметін жанданды-
рып, инсулиннің бөлінуін күшейтеді. Ұйқы безінің инсулині
өз кезегінде ішектен сіңген глюкозаның бауырда жинақталуын
қамтамасыз етеді.
Глюкагонның бөліну қарқыны да қандағы глюкоза деңгейі-
мен реттеледі. Глюкоза деңгейі төмендесе, глюкагонның бөлінуі
күшейеді. Бұл процесс троптық гормонның рөлін атқаратын
СТГ-ның бөлінуі нəтижесінде орындалады деген болжам бар.
Глюкагонның бөлінуіне аргинин амин қышқылы, соматостатин
жəне ас қорыту жолының гормоны - холецистокинин де ықпал
етеді.
Бездің дельта-торшаларында молекулалық массасы 1639-ға
тең соматостатин гормоны түзіледі. Бұл гормон тек түзілген
жерінде ғана əрекет етеді, оған паракриндік эффект тəн. Демек,
ол торша аралық қуыс арқылы қатар жатқан торшаларға ғана əсер
етеді. Соматостатин гипоталамустың нейросекрециялық торша-
ларында да түзіледі. Бұл гормон гипофизден соматотропиннің,
аралшық безден глюкагон мен инсулиннің бөлінуін бəсеңдетеді.
Ұйқы безінің майда өзектерінің эпителийлік торшаларын-
да липокаин гормоны түзіледі. Оның химиялық құрылымы əлі
анықталмаған. Липокаин фосфатидтердің - лецитиннің түзілуін
күшейтіп, май қышқылдарының тотығуын жандандырады, май
қорының шығынын арттырады, көмірсулардың майға айналуын
тежеп, бауыр торшаларын шырланудан сақтайды.
Ұйқы безі сығындысынан калликреин немесе падутин, ваго-
тонин, центропнеин деген заттар да бөлінген.
Калликреин - тұрақсыз, жоғары температура, қышқылдар,
сілтілер əсерімен тез бұзылатын зат. Ол артериолалар мен капил-
лярларды кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді.
377
Ваготонин – парасимпатикалық жүйкелер тонусын жоға-
рылатады, эритроциттердің түзілуін жандандырады.
Центропнеин – тыныс орталығын қоздырып, бронхыларды
кеңейтеді, гемоглобиннің оттегімен қосылуын шапшаңдатып,
оттегінің тасымалдануын жақсартады, организмнің оттегі тап-
шылығына төзімділігін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: