11.14. Ас қорыту ағзаларының, бүйректің,
өкпенің эндокриндік қызметі. Простагландиндер
Көптеген ұлпаларда нысана органдардың реакциясын туды-
ратын биологиялық белсенді заттар пайда болады. Олар арнаулы
торшаларда түзіледі де, ұлпалардың жіктелуін, қызметін реттеуге
380
қатысады. Олардың көбісі өздері əсер ететін нысана торшалар-
дың маңында түзіледі де, əрекетін қанға сіңбей-ақ диффузиялық
жолмен атқарады. Бұл заттар гормондардан осы қасиетімен
ерекшеленеді. Сондықтан оларды ұлпалық гормондар деп атаған.
Ас қорыту ағзаларының кілегейлі қабығында бірнеше био-
логиялық белсенді полипептидтер түзіледі. Олар ас қорыту
жолының секрециялау, қимылдау, сіңіру, т.б. қызметтерін реттеп,
басқа жүйелермен үйлесімді байланыстарын қалыптастыруда
маңызды рөл атқарады.
Сілекей бездерінде қарын қимылын, оның сөл бөлуін кү шей-
тетін паратин атты гормон түзіледі. Сілекей бөлу күшейгенде
қан тамырларын кеңейтіп, сілекей мен қарын сөлінің бөлінуін
үдететін калликреин мен брадикинин бөлінеді.
Қарынның кілегейлі қабығының торшалары парасимпатикалық
жүйке медиаторларының əсерімен гастрин деген зат бөледі.
Ол қарын қимылын, оның сөл бөлуін күшейтіп, ұйқы безінің
сөл бөлуін үдетеді. Қарында гастрон жəне гистамин атты био-
логиялық белсенді заттар да бөлінеді. Гастрон қарынның сөл
бөлуін тежеп, қарындағы ас қорытуды нашарлатады, ал гистамин
- қарынның көмкерме торшаларының қызметін жандандырып,
негізгі торшалардың қызметін бəсеңдетеді.
Ащы ішекте бірнеше гормондар түзіледі. Олар мына төмендегі
əсерлерімен сипатталады.
Энтерогастрин - қарын қимылын жəне қарын сөлінің бөлінуін
күшейтеді, ал энтерогастрон - қарынның бұл қызметтеріне
тежеуші əсер етеді;
Секретин - ұйқы безі сөлінің бөлінуін үдетіп, бауыр қызметін
жандандырады;
Панкреозимин - ұйқы безі сөлінің бөлінуін, оның фермент-
терінің белсенділігін күшейтеді;
Инкретин - ұйқы безінің ішкі секрециялық қызметін кү-
шейтеді;
Энтерокринин - люберкюн бездерінің қызметін реттейді;
Дуокринин - бруннер бездерінің қызметін реттейді;
Энтероцин - ащы ішектің қимылын күшейтіп, сөл бөлуін
үдетеді;
Вилликинин - ішек бүрлерінің жиырылуын күшейтіп, қоректік
заттардың сорылуын жақсартады;
Серотонин - ішектің қимылын күшейтеді;
Холецистокинин - өттің бөлінуін реттейді, өт қабы мен өт
381
өзектерінің жиырылуын тудырып, өттің ұлтабар ұшына бөлінуін
үдетеді.
Биологиялық белсенді заттар бүйректің юкстагломерулярлық
аппарат (шумақ маңындық) деп аталатын мионейроэпителиалдық
құрылымында да түзіледі. Бұл құрылым шумаққа қан əкелуші
жəне одан қан əкетуші тамырлар аралығында орналасады. Оның
құрамына əкелуші жəне əкетуші тамырлардың базальдық мем-
бранасында орналасқан юкстагломерулярлық торшалар (ЮГТ),
дистальдық түтікшенің иірімді бөлігі (тығыз дақ), əкелуші жəне
əкетуші тамырлардың юкставаскулярлық торшалары кіреді.
Бүйректе екі түрлі гормондық жүйе түзіледі. Оның бірінші-
сі ренин - ангиотензиндік жүйе деп аталады. Ренин арнаулы
юкстагломерулярлық эпителий торшаларында түзіледі. Бұл тор-
шалар əкелуші артериолалар қабырғасының шумаққа жақында-
ған бөлігін көмкеріп жатады. Бүйрек тамырларындағы қысым
төмендесе, симпатикалық жүйкелердің белсенділігі жоғары-
ласа, қанда катехоламиндердің концентрациясы көбейсе, орга-
низмде торша аралық сұйықтықтың мөлшері азайса, бүйректің
дистальдық түтікшелеріндегі сұйықта электролиттер құрамы
өзгерсе, тығыз дақ торшаларының қызметі өзгеріп, рениннің
бөлінуі күшейеді.
Ренин қан плазмасының құрамындағы глобулинге əсер
етіп, ангиотензин-І түзіледі. Өкпе мен бүйрек ұлпаларындағы
ерек ше ферменттің əсерімен ол ангиотензин- ІІ-ге айналады.
Ангиотензин-ІІ - өте күшті тамыр тарылтқыш зат. Сонымен
қатар ол альдостеронның бөлінуін күшейтіп, рениннің түзілуін
бəсеңдетеді, натрий иондарының кері сорылуын үдетеді. Осы
ренин–ангиотензин жүйесі қан тасудың (гипертонияның) кейбір
түрінің өршуіне себепкер болады.
Бүйректе түзілетін екінші эндокриндік қосылыстар гормон
тектес простагландиндік жүйе деп аталады. Ол арнаулы фер-
менттің əрекетінің нəтижесінде фосфолипидтер мен арахи-
дин қышқылынан түзіледі. Бұл жүйе қан айналу ағзаларының
қызметіне əсер етіп, симпатикалық жүйкелердің əрекетін бə сең-
детеді, рениннің түзілуін күшейтіп, ангиотензин-ІІ-нің əсерін,
антидиурездік гормонның күшін əлсіретеді. Бүйректе сүйек
кемігінің кызметіне əсер етіп, эритроциттердің түзілуін реттейтін
эритропоэтин деген гормон да бөлінеді.
Автономды эндокриндік жүйе өкпеде де кездеседі. Олар жеке
торшалар түрінде мұрынның, көмекейдің, кеңірдек пен брон-
хылардың кілегейлі қабығында орналасады.
Өкпенің эндокриндік жүйесіне К- жəне Р-торшалары, нейро-
382
эпителийлік денешіктер жəне биогенді аминдер түзетін цилиндр
пішінді торшалар жатады. Ауа құрамындағы оттегі мен көмір
қышқыл газының əсерімен бұл торшалар қозады да, серотонин,
допамин сияқты биогенді аминдер бөледі. Бұл өнімдер қанға
сіңіп, өкпедегі газ алмасу процесін реттейді, басқа ағзалардың да
қызметіне əсерін тигізеді.
К-торшалар шектеулі ықпалы бар заттар бөледі. Олар та-
мыр тонусын жоғарылатып, қанның ұюын, ет талшықтарының
қажуын баяулататын зат - серототинді бөледі. Егер бұл гор-
мон көп бөлінсе, бронхылар түйіліп, тыныс алу қиындайды.
Нейроэпителийлік денешіктер де серотонин бөледі. Р-торшалар
допамин мен бомбезин бөледі. Допамин - норадреналиннің
бастапқы түрі. Ол бронхыларды кеңейтіп, тынысты жеңілдетеді.
Бомбезин өкпедегі зат алмасу процесін жақсартады. Цилиндр
пішінді торшалар вазоактивті интестинальды полипептид
(ВИП) бөледі. Ол бронхылар қабырғасындағы хеморецепторлар-
ды, бірыңғай салалы ет талшықтарын қоздырады.
Простагландиндер - алғаш рет шəует құрамынан бөлінген.
Олар қуық алды безде (простатада) түзіледі деген болжам
болған, сондықтан да простагландиндер деп аталған. Кейінірек
олардың басқа ағзаларда да түзілетіні анықталды. Простаглан-
диндер торша мембранасында түзіледі де, сол торшаның ішінде
жүретін процестерге əсер етеді. Олар қанға сіңсе, тез бұзылады.
Простаг ландиндер торша мембранасының липидтік қабатындағы
қанықпаған май қышқылдарынан - линолен, арахидон жəне эйко-
запентатен қышқылдарынан түзіледі.
Қазіргі кезде простагландиндердің 15 түрі белгілі. Олар
химиялық құрамына қарай төрт топқа бөлінеді: ПГА, ПГБ,
ПГЕ, ПГФ. А жəне Б топтары бір-бірінен молекуласындағы
қосарланған байланыстар санымен ерекшеленетін екі проста-
гландиндерден (ПГА
1
, ПГА
2
жəне ПГБ
1
, ПГБ
2
) тұрады. Ал, ПГЕ
жəне ПГФ үш простагландиндерге бөлінді ( ПГЕ
1
, ПГЕ
2
, ПГЕ
3
жəне ПГФ
1
, ПГФ
2
, ПГФ
3
).
Простагландиндер организмге əртүрлі əсер етеді. Мысалы,
ПГА жəне ПГЕ қан тамырларын кеңейтіп, қысымды төмендетеді.
Бүйректің боз затында түзілгендіктен ол ренин-ангиотензин
жүйесіне қарсы əрекет етіп, қан қысымын төмендетеді. ПГФ қан
тамырларын тарылтады. Көптеген простагландиндер бірыңғай
салалы еттердің жиырылуын күшейтеді. Олар ас қорыту ағза-
ларының қимылын, жыныс органдарының қызметін реттеуге
қатысады. ПГЕ жəне ПГФ ексе, мал организміне еш залал кел-
местен ол іш тастап, шуын бөледі. Жыныстық айналым соңында
383
аналық жыныс жүйесінде простагландиндердің концентрациясы
өсіп, сары дене жойылады да, келесі айналым басталады. Аталық
безден бөлінген простагландиндер шəуеттің өміршеңдік қабілетін
ұзартуға жағдай тудырады. Сонымен қатар олар аталық жы-
ныс органдарының қан тамырларын кеңейтіп, жыныс жолының
бірыңғай салалы еттерінің жиырылуын күшейтеді. Простаглан-
диндер медиаторлардың бөлінуін өзгерте отырып, орталық жəне
шеткей синанстарда нейро-гуморальдық əсерлердің берілуін рет-
теуге қатысады деген болжамдар да бар.
Достарыңызбен бөлісу: |