Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Гормондарды мал шаруашылығында қолданудың



Pdf көрінісі
бет292/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   542
11.15. Гормондарды мал шаруашылығында қолданудың 

физиологиялық негіздері

Гормондар торшалардағы зат алмасу процесін бағыттай оты-

рып, олардың өсіп-дамуын, жіктелуін қамтамасыз етеді, кө-

бею, қоршаған орта жағдайларына бейімделу процестерін рет-

тейді, гомеостазды сақтауға мүмкіндік туғызады. Гормондар 

медиаторларға торшалық, молекулалық, гендік деңгейде ықпал 

етеді. Осымен байланысты организмнің гормондық статусы 

мен оның өнімділігінің арасында тығыз байланыс қалыптасады. 

Əртүрлі гормондарды қолдану арқылы организмдегі зат алмасу 

процесін белгілі бағытта өзгерте отырып, малдың өнімділігін: 

салмақ қосуын, сүттілігін, жүнділігін, өнімталдығын, жұмырт-

қалағыштығын, т.б. арттыруға болады.

Қазіргі кезде эндокринология, биохимия, биотехнология же-

тіс тіктері гормондарды мал шаруашылығы мен мал дəрігерлік 

жұмыстарда тиімді пайдалануға шексіз мүмкіндіктер беріп 

отыр. Көптеген гормондардың химиялық құрылымы анықталып, 

гипофиздің троптық гормондарының (СТГ, ГТГ, АКТГ т.б.) алыну 

жəне тазартылу жолдары жетілдірілді, кейбір релизинг-гормондар 

таза күйінде бөлініп, синтезделді, біраз гормондар аналогтары 

(стероидтар) химиялық жолмен алынып, практикаға гормондар-

ды анықтаудың өте сезімтал радиоиммундық əдісі енгізілді.

Гормондардың практикада қолданылуы биотехнология жетіс-

тіктеріне байланысты. Гендік инженерия əдісімен ”рекомбинант-

ты” (қайта реттелген) белоктық жəне пептидтік гормондар алу 

жолдарын табудың болашақта пайдасы зор. Əрине, гормон препа-

раттарын малдың өнімділігін, өсімталдығын арттыру мақсатында 

қолданғанда олардың əрекетінің түлік түріне, малдың жасы-

на, физиологиялық күйіне байланысты өзгеретінін, экзогендік 

гормондардың қайтарымды байланыс принципімен эндокриндік 

бездер қызметіне тежеуші əсер ету мүмкіндігін ескерген жөн. 




384

Олардың нысана ағзаларға қосалқы əсерінің сипатын жан-жақты 

зертеу де қажет. 

Эндокринология саласындағы ғылыми жетістіктер мал шаруа-

шылығы мен мал дəрігерлік жұмыста гормондарды мына бағыт-

тарда пайдалануға болатынын көрсетті.

1. Бордақы жас малдың (бұзаулар мен торайлардың) өсіп-

жетілуін анаболизмдік немесе гипогликемиялық əсері бар гор-

мондық препараттармен (андрогендер, эстрогендер, инсулин, со-

матотропин) жандандыру. Бұл мақсатта ұлпаларда белоктардың 

түзілуін арттырып, олардың ыдырауын бəсеңдететін аноболизмдік 

əсері басымырақ стероидты препараттарды пайдаланған тиімді. 

Анаболиктерді емдік мақсатта пневмония мен диспепсиядан 

жазылған бұзауларға қолданған да жөн.

2. Ұрғашы малдың ұрпақтану (репродуктивтік) қызметін рет-

теу. Бұл мақсатта прогестиндер, гонадотропиндер, ГТ релизинг-

гормон, СЖК, простагландиндер қолданылады.

3. Сиырдың сүттілігін арттыру. Бұл бағытта желіннің сек-

рециялық элементтеріне тікелей əсер етіп, қоректік заттардың 

желін мен басқа ұлпалар арасында таралуын реттейтін сомато-

тропин, соматолиберин сияқты гормондар қолданылады. Гормон-

дар жиынтығын қолдана отырып, таналарда сүттену процесін 

тудыруға болады.

4. Қойдың жүнін, ешкінің, қоянның жəне қолда өсірілетін басқа 

аңдардың түбітін өсіру үшін тиреоидтық немесе антитиреоидтық 

гормондарды, соматотропинді, стероид-анаболиктерді пайдалану 

тиімді.

5. Малдың табиғи төзімділігін арттыру, төл басын аман сақтау 

мақсатында эстрогендер мен кортикостероидтарды пайдалануға 

болады.


Пайдаланылатын гормондық препараттың сипатына жəне 

көз делген мақсатқа қарай оларды не ас қорыту жолы арқылы бе-

реді, не егеді, не тері астына қондырады. Кейбір жағдайда экзо-

гендік гормондар немесе релизинг-факторлардың орнына қажетті 

бездердің функционалдық белсенділігінің күшейген кезіндегі 

əсе рін қайталайтын биологиялық белсенді заттарды егеді. Мұн-

дай заттарға амин қышқылдары, биогендік аминдер, ”өсу фактор-

лары”, т.б. жатады. 

Практикада экзогендік гормондарды егумен қатар организмнің 

гормондық статусын зерттеу əдісі де кеңінен қолданылады. Бұл 

əдіс малдың өнімділігін болжауға, белгілі бір технологиялық 

тəсілдердің (мысалы, жаңа сауын аппаратының) əсер сипатын, 




385

малдың физиологиялық күйін (буаздық т.б.) анықтауға мүмкіндік 

береді.

Гормондарды малдың саулығына жəне өнімдер арқылы адам 

денсаулығына зиян келтірмейтін болған жағдайда ғана қолданады. 

Бұл мəселе қатал санитарлық-гигиеналық бақылауда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет