Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сурет. Бүйрек үсті безінің  құрылымы мен гормондары. 371



Pdf көрінісі
бет287/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

132-сурет. Бүйрек үсті безінің 

құрылымы мен гормондары.




371

рон), эстрогендер (эстрон) жəне прогестерон болып үш топқа 

бөлінеді.

Минералкортикоидтар организмде минералды заттардың ал-

масуын, ең алдымен, қан құрамындағы натрий мен калий дең ге й- 

 ін реттейді. Альдостерон организмде натрийдің, хлоридтердің, 

су дың жиналуына ықпал етіп, денеден зəр арқылы калий мен фос-

фор дың бөлінуін күшейтеді. Минералкортикоидтар тапшылығы 

салдарынан организм натрийді, суды, хлоридтерді көп бөледі де, 

ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік жағдайлары бұзыла ды, 

мал өліп қалады.

Минералокортикоидтардың бөліну қарқыны денедегі натрий 

мен калий мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады. Қан құрамында 

натрий мөлшері жоғарыласа, минералокортикоидтардың бөлінуі 

баяулап, ал төмендесе, үдеп, күшейеді. Калий керісінше, əсер 

етеді. Ұлпалық сұйық пен қан плазмасының мөлшері көбейсе, 

минералокортикоидтардың бөлінуі баяулайды. Ескерте кетер 

жайт, натрий мен калий бүйрек үсті бездерге тікелей əсер етпейді, 

олар без қызметін гипоталамус арқылы өзгертеді.



Глюкокортикоидтар көмірсулар, белоктар жəне майлар ал-

масуын жандандырады. Олар ұлпада белоктардың ыдырау-

ын күшейтіп, синтезін бəсеңдетеді. Осының нəтижесінде қан 

құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері жоғарылап, олар 

бауырда глюкоза мен гликогенге айналады. Глюкокортикоид-

тар əсерімен май қорларының шығыны артып, қуаттық алма-

су күшейеді, қандағы глюкоза деңгейі көтеріледі. Сонымен 

қатар олар антиденелердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін 

өршітпеуде маңызды рөл атқарады.

Глюкокортикоидтар тіршілік тірегі болатын гормондар то-

бына жатпайды, олардың жоқтығынан мал бірден өліп кетпейді. 

Дегенмен де, олардың тапшылығы организмнің əртүрлі қолайсыз 

əсерлерге төзімділігін төмендетеді.

Андростероидтар жыныс органдарының дамып-жетілуіне 

ықпал етіп, белок синтезін күшейтеді, организмнің өсіп-дамуын 

реттейді. Бұл гормондар аз мөлшерде бөлінеді. Жыныс бездерінің 

қызметі тоқтаған кəрі организмде андроген мен эстрогендер көзі 

бүйрек үсті бездер болып табылады.

Андростероидтардың көп бөлінуі, əсіресе, аналық дарақтарда, 

əртүрлі ауытқуларға соқтырады. Олардың аталық жыныстыларға 

тəн еттері күштірек дамиды, түктері өседі, ертерек жыныстық 

жетілу байқалады.

Бүйрек үсті бездің қыртысты қабатының гормондары булығу 




372

тудыратын əртүрлі қолайсыз факторлардың əсерлеріне бейім-

делуде маңызды рөл атқарады. Тым күшті ауырсыну түйсігінің, 

əртүрлі ауыр жарақаттың, қансыраудың, жұқпалы аурудың, 

ыстықтықтың, суықтықтың əсерінен глюкокортикоидтардың бө-

лінуі күшейеді. Осының нəтижесінде ұлпалардың қызметі жақ-

сарып, қолайсыз əсерлердің салдарынан туындаған ауыт 

қу 


лар 

жойылады, организм функциялары қалпына келеді. Демек, бұл 

гормондар АКТГ-мен бірлесе отырып, организмнің əртүрлі қо-

лайсыз əсерлерге төзімділігін арттырады. Бұл процесте жүйке 

жүйесінің маңызды рөл атқаратынын айта кеткен жөн. И. П. Пав-

лов ілімінің жүйкелік принципіне сəйкес организмнің қоршаған 

орта жағдайларына бейімделу процесі орталық жүйке жүйесінің 

басқаруымен қалыптасады. Организм қолайсыз жағдайларға 

кездескенде орталық жүйке жүйесі (ОЖЖ) онымен күресу үшін 

барлық қорғаныс күшін, соның ішінде эндокриндік бездерді де 

жұмылдырады. Ал, бұл бездер қатарында гипофиз бен бүйрек 

үсті бездері ерекше орын алады.

Жоғарыда келтірілген жайлар бүйрек үсті бездердің қыртысты 

бөлігінің физиологиялық маңызының зор екенін көрсетеді. Бүйрек 

үсті бездерін сылып тастаса, тəбет жойылып, организм əлсірейді, 

бұлшық еттер болбырап, дене температурасы төмендейді, қан 

құрамында глюкоза мөлшері азайып, қан қысымы төмендейді де, 

мал сал болып өліп қалады.

Бүйрек үсті бездің қыртысты бөлігінің гипофункциясы жағ-

дайында жоғарыда баяндалған өзгерістер байқалады, бірақ ол 

баяу өрбиді. Адам аддисон дертіне шалдығады. Бұл жағдайда 

тері қола түске боялады да, адам арықтайды, тəбеті нашарлайды 

қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, астения 

(əлжуаздық) пайда болады, организмнің ішкі ортасындағы на-

трий мен калийдің арақатынасы өзгереді (натрий азайып, калий 

көбейеді). 

Бездің боз затында екі түрлі гормон - адреналин жəне нора-

дреналин, түзіледі. Олар бездің хромаффиндік көпіршіктерінде 

жиналады. Адреналин тираминнің туындысы. Бұл гормондарды 

катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп атайды. 

Аталған гормондардың əсері симпатикалық жүйке əсеріне ұқсас 

болғандықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.

Норадреналин құрамында метил тобы болмайды, сондықтан 

ол метилсізденген адреналин болып табылады. Катехоламиндер 

түзілу жолын мына тізбекпен бейнелеуге болады: тирозин – ДОФА 

(дигидрооксифенилаланин) – ДОФамин (дигидрооксифенилэ-

тил- амин) – норадреналин. Бұл процесс фенилэтаноламин-N-




373

метилтрансфераза ферментінің əсерімен норадреналинді метил-

деу нəтижесінде жүреді.

Бездің бозғылт затындағы адреналин мен норадреналиннің 

арақатынасы түлік түріне, малдың жасына байланысты өзгеріп 

отырады. Без ұлпасында норадреналин көбірек, қанда, керісінше, 

адреналиннің мөлшері басым болады.

Катехоламиндер гликогенолиз жəне липолиз процестерін 

шапшаңдатып, көмірсулар мен майлардың алмасуын жанданды-

рады, жылу реттеу процесіне, қан айналым жүйесінің, бұлшық 

еттердің, орталық жүйке жүйесінің, тыныс алу жəне қан түзу 

органдарының қызметіне ықпал жасайды. Жалпы алғанда 

симпатоадреналдық жүйе гипофиз - бүйрек үсті бездерінің 

жүйесі сияқты тіршіліктік маңызы зор процестердің деңгейін 

қалыптастыруда, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын 

қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар адре-

налин мен норадреналиннің əсерлерінде ерекшеліктер де болады.



Адреналин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиыры-

лу күшін арттырады, жүрек соғуын жиілетіп, оның минуттық 

сыйымдылығын көбейтеді, қан қысымын жоғарылатады 

(систолалық қысым көтеріліп, диастолалық қысым өзгермейді). 

Сонымен қатар адреналин майдың алмасуына əсер етіп, қандағы 

эфирленбеген май қышқылдарын көбейтеді, торшалардың 

оттегіні сіңіруін жақсартады. Адреналин қарын мен ішектің 

қимылдарын бəсеңдетіп, бронхы еттерін босаңсытады, көздің 

нұрлы қабығының сəулелі ет талшықтарын жиырылтып, көз 

қарашығын кеңейтеді.



Норадреналин систолалық қысымды да, диастолалық қысымды 

да көтереді, жүрек соғуын баяулатады, минуттық көлемді шама-

лы азайтады, миокардтың қозғыштығын өзгертпейді.

Бұл екі гормон да жүрек тамырларының арнасын кеңейтіп, 

терідегі тамырларды тарылтады, бауыр мен бұлшық еттерде 

гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қандағы глюкозаның деңгейін 

жоғарылатады. Катехоламиндердің əсерімен организм белсенді 

əрекеттерге (қорғанысқа, қимыл-əрекетке) дайындалады.

Бүйрек үсті безінің бозғылт затының қызметі жүйке жүйесі 

арқылы жəне гуморальдық жолмен реттеледі. Оның қызметін 

реттейтін жүйке орталығы гипоталамуста орналасқан. Бездің 

секрециялық жүйкесі - құрсақтық жүйке. Дене жұмысы кезінде, 

тері рецепторларын тітіркендіргенде, ауырсыну түйсігін тудыра-

тын əсерлерден адреналиннің бөлінуі күшейеді. Бездің бозғылт 

затының қызметіне ми қыртысы да əсер етеді. Мысалы, əртүрлі 

эмоциялар (үрей, қобалжу) адреналиннің бөлінуін күшейтеді.




374

Бұл гормондардың бөлінуін реттейтін негізгі гуморальдық 

фактор - қандағы глюкоза мөлшері. Гипогликемия адреналиннің 

бөлінуін күшейтеді, ал гипергликемия - бəсеңдетеді.

Бүйрек үсті бездер мен басқа эндокриндік бездер арасын-

да тығыз байланыс бар. Катехоламиндер гипоталамус арқылы 

АКТГ-ның бөлінуін күшейтеді, аралшық бездің қызметін үдетеді. 

Нейрогипофиз гормондары бүйрек үсті бездің бозғылт затының 

қызметін күшейтеді. Қалқанша без бүйрек үсті бездің бозғылт 

затының, ал аденогипофиз - қыртысты қабатының дамуын жан-

дандырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет