Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жыныс бездерінің ішкі секрециялық қызметі



Pdf көрінісі
бет290/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

11.13. Жыныс бездерінің ішкі секрециялық қызметі

Жыныс бездері əрі экзокриндік əрі эндокриндік қызмет ат-

қарады: олар жыныс торшаларын - сперматозойд пен жұмыртқа 

торшаларын, аталық жəне аналық жыныс гормондарын бөледі. 

Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонус 

жағдайында ұстап, негізгі (бастапқы) жəне қосалқы (сыртқы) 

жыныс белгілерін дамытады, аталық жəне ұрғашы малға тəн 

мінездерді, жыныстық инстинктерді, жыныстық актілерге қа-

білеттілікті қалыптастырып, өніп-көбеюмен байланысты про-

цестерді, организмнің пісіп-жетілуін реттеуге қатысады.

Жыныс гормондары аталық жəне аналық болып екі топқа 

бөлінеді. Олар - холестерин туындылары. Химиялық көзінің 

ортақтығына қарамай аталық жəне аналық бездерде биосинтез 

процесін қамтамасыз ететін ферменттердің ерекшеліктеріне бай-

ланысты гормон түзілу процесі екі бағытта өрбиді. Бұл гормон-

дар аталық та, аналық та бездерде қатар түзіледі, бірақ олардың 

мөлшері, арақатынасы бірдей болмайды. Мысалы, ер адамның 

тəуліктік зəрінде 3–10 мкг андрогендер жəне 5–15 мкг эстроген-

дер болса, əйелдер зəрінде 3–10 мкг андрогендер жəне 18–36 мкг 

эстрогендер болады.



Аталық гормондар - андрогендер (грек тілінде andros - еркек 

деген мағына береді) еннің аралық ұлпаларындағы Лейдиг торша-

ларында түзіледі. Бұл ұлпалар жиынтығын жыныстық жетілу безі 

немесе  пубертаттық без деп атайды (Pubertas - латын тілінде 

ер жету, толысу деген мағына береді). Бездің Сертоли торшала-

рында эстрогендер түзіледі. Бұл гормондар гипофизде ФЖГ-ның 

түзілуін реттеуде маңызды рөл атқарады. 

Андрогендерге тестостерон, альдостерон, изоандростерон, 



дегидро-изоандростерон, т.б. жатады. Олардың арасындағы ең 

белсендісі – тестостерон. 

Андрогендер анаболизмдік гормондарға жатады. Олар белок 

алмасуын жандандырып, бұлшық еттерде белоктың түзілуін жəне 

жиналуын күшейтеді, оң азоттық баланс қалыптастырады, денеге 

салмақ қостырады. Сонымен қатар андрогендер анорганикалық 




378

фосфордың, сульфаттың, натрий мен калий хлоридтерінің қор-

ға жиналуын күшейтеді. Андрогендер бауыр мен ұлпаларда 

гликогеннің түзілуін бөгеп, көмірсулар алмасуын жандандырады, 

денеде майдың жиналуын тежеп, жас малдың өсуін үдетеді.

Андрогендер орталық жүйке жүйесінің функционалдық 

күйіне де əсер етеді. Малды піштіргеннен кейін жүйке жүйесінің 

қызметі өзгеріп, шартты рефлекстердің қалыптасуы баяулай-

ды, жүйкелік процестердің күші мен жылжымалығы əлсірей-

ді. Сондықтан піштіру əдісін малдың шаруашылыққа тиімді 

қасиеттерін дамыту үшін қолданады. Піштірілген мал жуасып, 

тез семіреді, олардың етінің сапасы жақсарады, қосалқы жыныс 

бездерінің қызметі тоқтап, сыртқы жыныстық белгілер əлсірейді. 

Тым ерте піштірілген малдың түтікті сүйектері ұзарып, дене про-

порциясы өзгереді.

Аналық гормондар - эстрогендер (oestrogena гректің - 

oesros - құштарлық жəне genes - тудырушы деген сөздерінен 

шыққан) аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста 

ұстап, жыныстық айналымды, жатыр мен қынаптың кілегейлі 

қабығының күйін, желіннің өсуін реттейді. Эстрогендер (эстра-



диол, эстрон, эстриол) аналық организмге тəн белок пен майдың, 

су мен минералды тұздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, 

капиллярлар қабырғасының өтімділігін жоғарылатады, орталық 

жүйке жүйесінің қызметін өзгертіп, малды күйтке келтіреді. 

Аналық безде гестагендер - сары дене гормондары мен андро-

гендер де түзіледі. 

Сонымен эстрогендер биосинтезі кезінде аналық бездің 

аралық торшаларында андрогендер де түзіледі. Олар фоллику-

лаларда қуыстың пайда болуын, овуляция процесін жандан-

дырады.


Буаздық кезінде аналық бездегі сары денеден бөлінген геста-

гендер ұрықтану жəне төл көтеру процестерін реттейді. Олардың 

ішінде маңыздысы - прогрестерон, прегненол. Прогестерон 

буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының 

түзілуін, фолликуланың дамуын бөгеп, жатырдың жиырылуын 

тежейді, ұрықтың дамуына, желіннің лактацияға дайындалуына 

ықпал етеді.

Сары дене, эндометрия (жатырдың кілегейлі қабығы) жəне 

төл жолдасы (плацента) релаксин атты гормон да бөледі. Төл 

көтеру үстінде бұл гормонның концентрациясы өсе түседі де, 

мал төлдер алдында ең жоғары деңгейге жетеді. Релаксин төлдеу 



379

(туу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет. Оның əсерімен шат 

сүйектерінің байланысы (симфиз) жібіп, жатыр мойны ашылады.

Буаздық кезінде плацентада эстрогендер, прогестерон жəне 

плаценталық немесе хориондық гонадотропин гормондары 

түзіледі.



Жолдас прогестероны буаздықтың сəтті өтуі үшін қажет, ал 

жолдас гонадотропині прогрестеронның түзілуін күшейтіп, мал-

ды іш тастаудан сақтайды.

Буаз биенің қанында 40-күнінен бастап гонадотроптық гор-

мон пайда болады. Бұл гормон бұзылмай, қанда ұзақ сақталады. 

Ол жатырдың кілегейлі қабығында түзілетін гормон. Оны буаз 

бие қан сарысуының гонадротропині (СЖК) деп атайды.

Барлық мал плацентасында хорион (қағанақ) гонадотропині 

түзіледі. Оның бөлінуі буаздық мерзімінің өсуімен байланысты 

қарқындай түседі. Бұл гормон плаценталық прогесторонның 

бөлінуін күшейтеді.

Жолдастың өсу гормоны буаз мал организмінде қанттың 

шығынын азайтып, оны май қышқылдарының көзі болып табыла-

тын майға айналдырады. Ал май қышқылдарының алмасуы нəти-

жесінде холестерин түзіледі де, ол плацента арқылы ұрық қанына 

өтіп, торшалар мембранасын құруға пайдаланылады. Холестерин 

ұрықтың өсуі жəне əртүрлі гормондардың түзілуі үшін қажет.

Жыныс гормондарының түзілуі жəне бөлінуі нейрогуморальдық 

жолмен реттеледі. Жыныс бездері афференттік жəне эфференттік 

жүйкелермен өте мол жабдықталған, бірақ олардың қызметінің 

рефлекстік жолмен реттелу тетіктері жайлы деректер онша 

көп емес. Жүйке жүйесі жыныс бездерінің қызметін гипофиз 

арқылы реттейді. Гипофиздің фолликуланы жандандырушы 

гормоны ұрғашы малда фолликулалардың пісіп-жетілуін, ал ер-

кек малда - сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гор-

мон жыныс гормондарының түзілуін, ал пролактин сары денеде 

прогрестронның түзілуін жəне сүттену процесін жақсартады. 

Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет