0,6, биеде 3–5 см. Мал өнімталдығы
401
қараңыз). Оның кішісіне цитоплазманың аз ғана бөлігі беріледі
де, басым үлесі екінші торшада қалады. Пайда болған кіші тор-
шаны бастапқы бағыттаушы немесе полярлық денешік деп
атайды. Əрі қарай олар екі торшаға бөлі неді де, дамымай қалады.
Екінші үлкенірек торша ІІ– реттік ооцит деп аталады. Оның
бөлінуі нəтижесінде тағы да бір кіші торша - екінші бағыттаушы
денешік, жəне хромосоманың гаплоидты жиынтығымен сипатта-
латын ірі торша пайда болады. Бұл қалыптасқан жыныс торша-
сы (гамета).
Овуляция (фолликула қабығының жарылуы) кезінде ооцит
жұмыртқа жолының шанағына түседі де, түтікше бойымен жыл-
жи бастайды. Жұмыртқа жолында овогенездің үшінші - жетілу
сатысы жүреді. Жұмыртқа торшаға спермийлер ене бастағанда
ІІ–реттік ооцит екінші мейоздық бөлінуге ұшырап, ұрықтануға
дайын жетілген жұмыртқаға айналады жəне екінші бағыттаушы
денешік бөледі.
Жұмыртқа басқа торшалар сияқты цитоплазмалық мембра-
намен жабдықталып, торша аралық сұйықпен қоршалған. Торша
мен осы сұйықтық арасында үздіксіз алмасу процесі жүріп оты-
рады. Бұл процесте белоктар мен фосфолипидтерден құралған
торша мембранасы маңызды рөл атқарады. Мембрана арқылы
заттар диффузия, осмос жəне белсенді тасымалдау жолдарымен
алмасады.
Фолликулалардың өсуі, жетілуі кезінде, овуляция алдында
жəне одан кейін ұрғашы мал организмінде, əсіресе, оның жыныс
ағзаларында, айтарлықтай морфологиялық жəне функционалдық
өзгерістер байқалады. Аналық жыныс бездерінде əркез көпір-
шік тену сатысындағы фолликулалар (Грааф көпіршігі) кездеседі.
Олар эстрогендер түзеді жəне фолликулалардың өсуімен байла-
нысты бұл процесс күшейе түседі. Эстрогендер қан арқылы дене-
ге тарап, ұрғашы малдың жыныстық айналымын реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: