Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Ұрғашы мал жыныс ағзалары жəне олардың қызметі



Pdf көрінісі
бет302/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

12.5. Ұрғашы мал жыныс ағзалары жəне олардың қызметі

Ұрғашы малдың жыныс ағзаларына аналық жыныс безі, жұ-

мыртқа жолы, жатыр, қынап жəне сыртқы жыныс мүшелері жа-

тады.


Аналық без (жұмыртқалық) – сопақша (овал) пішінді жұп 

құрылым. Онда аналық жыныс торшалары - жұмыртқа-торша, 

барлық даму сатыларынан өтеді жəне гормондар түзіледі. Бездің 

мөлшері оның функционалдық жағдайына жəне түлік түріне бай-

ланысты өзгеріп отырады. Ол сиырда 2–5 х 1,2 см, мегежінде 5 х 

2 см, саулықта 0,5–1 х 0,3–0,5 см, биеде 10 х 5 см. 

Бездің құрылысы өте күрделі. Ол дəнекер ұлпадан тұратын 

тұлғадан жəне паренхимадан құралады. Паренхима қыртысты 

(фолликулалық) жəне бозғылт аймақтарға бөлінеді. Алғашқы 

құрылымда фолликулалар мен сары дене, ал соңғысында қан, 

лимфа тамырлары мен жүйке талшықтары шоғырланады. Бозғылт 

аймақ аналық безді қоректендіру мен жүйкелендіруде маңызды 

рөл атқарады.

Жұмыртқалық жол жұмыртқа-торшаның аналық безден жа-



399

тыр мүйізіне түсуін қамтамасыз ететін иректелген жұп түтікше. 

Олардың əрқайсысының ұзындығы сиырда 25–28 см, мегежінде 

- 30, қой мен ешкіде – 6, жылқыда – 30 см жетеді. Жұмыртқалық 

жол қабырғасында оның қимылын қамтамасыз ететін көлденең 

жəне бойлама бағытта орналасқан ет қабаттары болады. Осы 

еттердің жиырылуынан түтікшеге түскен аналық торша жатырға 

қарай жылжиды. Симпатикалық жүйке көлденең орналасқан ет 

талшықтарының жиырылуын күшейтіп, бойлама еттердің жиы-

рылуын бəсендетеді. Ал, парасимпатикалық жүйке керісінше, 

əсер етеді.

Жатыр - ұрықтың өсіп-дамитын ағзасы. Ол: жатыр мүйіздері, 

жатыр тұлғасы жəне мойын болып үш бөлікке бөлінеді. Бұл 

бөліктердің арақатынасы, мөлшері түлік түріне, малдың жасына 

қарай өзгеріп отырады. Жатыр мүйізінің ұзындығы сиырда 25 см, 

қойда 12 см, мегежінде 2 м, биеде 25 см. Жатыр тұлғасының тұрқы 

сиыр мен қойда 3–5 см, мегежінде 5–12 см, биеде 15 см. Жатыр 

мойынының ұзындығы сиырда 10 см, қойда 6 см, мегежінде 20 

см, биеде 8 см. Қынап тереңдігі сиырда 38 см, саулықта 12 см, 

мегежінде 18 см, жылқыда 30 см шамасында.

Овогенез. Жұмыртқа-торшаның дамып, жетілуін овогенез (оо-

генез) деп атайды. Овогенез сперматогенезден өзгешелеу жүреді 

де, үш сатыда - көбею, даму (өсу) жəне жетілу, өтеді (134-суретті 



қараңыз). Көбею сатысы құрсақтық даму кезеңінде баста-

лып, диплоидты алғашқы жыныс торшалары - оогонийлердің 

екі-үш мəрте бөлінуі арқылы атқарылады. Туған кезде ұрғашы 

төл жұмыртқалығында кейінірек жұмыртқа торшаға айнала-

тын оогонийлер саны толығымен қалыптасып үлгереді. Бір 

жұмыртқалықтағы оогонийлердің жалпы саны сиырда 140 мыңға 

жуық, мегежінде 120, тауықта 60–150 мың шамасында. Кейінгі 

дара даму кезінде олардың жалпы санында өзгерістер болмайды. 

Ұрықтық даму кезеңінің соңында жыныс торшаларының бөлінуі 

тоқтап, олар майда фолликулалық торшалармен қоршалған І-рет-



тік ооцитке айналады.

Ооциттер дамуы: баяу жəне жылдам жүретін екі сатыда 

өтеді. Баяу даму сатысы осы торшалардағы ассимиляция не гі-

зін де жүреді де, бірнеше жылдарға созылады. Жыныстық жетілу 

кезеңінің алдында мөлдір қабық пайда болып, ооциттердің көлемі 

өседі де, фолликулалар көлемі үлкейеді.

Екінші, жылдам даму сатысы, жыныстық жетілумен байланыс-

ты. Гипофиздің ФЖГ синтезінің күшеюі нəтижесінде фолликула-

лар дамып, аналық безде екінші жəне үшінші реттік фолликула-



лар пайда болады.


400

Əр аналық безде əртүрлі даму сатысындағы фолликулалар 

ұшырасады. Сақа организмде олардың барлығы толық жетілу 

сатысына дейін дамымайды. Мысалы, сиырда бүкіл көбею 

кезеңінде бар болғаны 300 фолликула толық дамып жетіледі не-

месе əрбір жыныс айналымына 1–2 фолликуладан ғана келеді. 

Басқа фолликулалар дамудың белгілі бір сатысына жеткен соң 

құпиясы əлі белгісіз атрезия (жетілмей қалу) құбылысына ұшы-

рап, бірте-бірте жойылып отырады немесе строма (төсемік) тор-

шаларына айналады. Атрезияға ұшырайтын фолликулаларда го-

нодотроптық гормондар мен эстрадиол рецепторлары болмайды 

деген болжам бар.

Даму үстінде фолликулада бірте-бірте үлкейетін қуыс пайда 

болады да, онда құрамында эстроген гормоны бар сары сұйық 

жиналады. Осы сұйық əсерімен фолликулалар қабырғасы керіле 

келе, көпіршік бейнесіне көшеді. Жетілген фолликуланың (Гра-

аф көпіршігі) сұйыққа толған қуысының ішінде бірнеше қабат 

торшалармен қоршалған ооцит орналасады. Фолликуланың ішкі 

бетін көмкеріп, ооцитті қоршап тұратын түйірлі (гранулездық) 

торшалар қабатын фолликуланың сыртқы қабығынан негіздік 

мембрана (эпителий) қабаты бөліп тұрады (136-сурет). Негіздік 

мембранада қан тамырлары болмайды, сондықтан ооцит пен 

түйірлі торшалар қоректік заттар мен оттегіні диффузиялық жол-

мен жəне белсенді тасымалдау нəтижесінде алып отырады.

Жетілген фолликулалар аналық без бетінен томпайып шығып, 

без беткейінің көп бөлігін алып тұрады. Шошқа сияқты өнімтал 

жануарда аналық бездерде бір мезгілде 15–18 фолликула жетіледі 

де, бұл кезде без жүзім шоғырына ұқсап кетеді. Жетілген фолли-

кула мөлшері орта есеппен сиырда 1,6 см, мегежінде 0,8, саулықта 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет