398
секреттері несеп-жыныс өзегіне шығарылады да, одан ырғақты
толқын тектес жиырылулар арқылы аналық жыныс ағзасына
(қынапқа немесе жатырға) бөлінеді. Шəует қынапқа бөлінетін жа-
нуарлар (қоян, сиыр, қой, ешкі) ұрықтанудың қынаптық типіне,
ал шəует тікелей жатырға құйылатын жануарлар (жылқы, шошқа,
ит, кемірушілер класы) ұрықтанудың жатырлық типіне жатады.
Шəует белгілі бір ретпен бөлінеді. Алдымен бадана жəне
уретралық бездердің секреті бөлініп, несеп-жыныс өзегі зəр
қалдығы мен түлеген эпителийлерден тазарады. Осыдан кейін
қуық алды жəне көпіршік тəрізді бездер секретімен сұйытылған
шəует бөлінеді. Қабан мен көптеген жабайы жануарларда эякуля-
ция процесі бадана (купер) безінің көп мөлшерде секрет бөлуімен
аяқталады. Бұл секрет көпіршік тəрізді бездер бөлген өнімдердің
əсерімен желімденіп, шəуеттің қынаптан кері ағып шығуына
тосқауыл болатын желатин тəрізді түйіршікті масса құрайды.
Эякуляция бұқа мен қошқарда жылдам өтеді, себебі олар-
да процесс шəуеттік өзектің ампула тəрізді кеңіген жеріне
жинақталған спермийлерді бөлумен аяқталады. Қабанда бұл про-
цесс ұзаққа (20 минутқа дейін) созылады жəне спермийлердің
негізгі бөлігі эякуляцияның соңғы кезінде шығарылады. Бұл
физиологиялық ерекшеліктерді ұрықтандыру мақсатында жасан-
ды тəсілмен шəует аларда ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: