12.4. Аталық мал жыныс ағзалары қызметінің реттелуі.
Жыныстық рефлекстер
Сүт қоректі жануарлар аталық дарақтарының көбею ағза ла-
рының қызметі күрделі рефлекстер жиынтығы түрінде атқарылады.
Жыныс құштарлығы аталық мал талдағыштарының (көру, есту,
иіс, жанасу) ұрғашы малмен байланысты тітіркендіргіштерді қа-
былдауынан жəне жыныс гормондарының жыныс құштарлығын
тудыратын əсерінің салдарынан қалыптасады.
Жыныстық қызметті реттеуде ОЖЖ мен жүйке жүйесінің
вегетативтік бөлігінің əртүрлі бөлімдері қатысады. Ми қыртысы
түрлі талдағыштардан қабылданған тітіркеністерді жіктеп, өз
əсерін қыртыс астындағы жыныс орталықтары мен аралық ми
(гипоталамус) арқылы жүргізеді. Өз кезегінде бұл орталықтар
қозу толқынын жұлынның құйымшақ бөлігінде орналасқан эрек-
ция жəне эякуляция орталықтарына бағыттайды. Бұл аталған
орталықтар бір жағынан ми қыртысымен жəне гипоталамуспен,
екінші жағынан көбею ағзаларының сезімтал жүйке ұштарымен
байланысты. Қыртыстық, қыртыс астылық жəне жұлындық жы-
ныс орталықтары бір-бірімен өзара байланыста болады. Демек,
жыныс орталығы біртұтас жүйкелік тетік ретінде қызмет ат-
қаратын динамикалық (жылжымалы) функционалдық жүйе. Қозу
толқыны тек жоғарыдан төмен, яғни ми қыртысы мен гипотала-
мустан жұлын мен жыныс ағзаларына ғана емес, кері бағытта -
көбею ағзаларының рецепторларынан мидағы орталықтарға да
беріледі (135-сурет).
Жыныстық рефлекстер дара даму кезінде шартсыз рефлекс-
тер негізінде қалыптасқан шартты рефлекстер жиынтығы. Олар
өте оңай қалыптасады. Шағылысуға немесе жасанды қынаппен
шəует беруге бір реттен соң-ақ шартты рефлекстер пайда болады.
Шағылысу манежінің ішкі көрінісі, шағылыстыруға дайындалған
ұрғашы мал жыныстық қоздырғыш болып табылады.
Аталық малдың жыныстық рефлексі өзара тығыз байла-
нысты бірнеше реакциялардан құралған тізбектелген күрделі
əрекет. Оның бір реакциясының соңы екінші реакцияның баста-
луына түрткі болады. Бұл тізбектелген жыныстық рефлекс үш
кезеңде атқарылады. Олар эрекция, жыныстық қатынас жəне
397
шəует бөлу (эякуляция). Аталған рефлекстер шағылысу процесін
- аталық мал мен ұрғашы мал арасындағы үйлесімді жыныстық
əрекеттерді, қамтамасыз етеді. Шағылысу нəтижесінде аталық
мал ұрғашы малдың жыныс ағзаларына шəует бөледі.
Эрекция деп аталық жыныс мүшесінің үлкейіп, қатайып, ұр-
ғашы мал жыныс ағзаларына ене алатындай жағдайға келуін ай-
тады. Бұл құбылыс жыныс мүшесіне артерия қанының келуінің
күшейіп, кеуек денелердің қанмен толуымен байланысты. Эрек-
ция кезінде шонданай-кеуектік жəне бадана-кеуектік еттер жиы-
рылып, жыныстық мүше түбірін шонданай сүйегінің доғасына
қысады да, қанның кері ағып кетуін толастатады.
Жұптасу (шағылысу, жыныстық қатынас) деп ұрғашы мал
қы набына аталық мал жыныс мүшесінің енуін жəне шəуеттің
бөлінуін қамтамасыз ететін қимылдар жиынтығын айтады. Бұқа
мен қошқарда жыныстық қатынас жылдам аяқталады да, айғыр
мен қабанда ұзағырақ созылады.
Эякуляция деп шəуеттің несеп-жыныс өзегіне бөлінуін ай-
тады. Бұл күрделі рефлекстік процесс аталық жыныс мүшесі
рецепторларының қынаптың температуралық жəне механикалық
əсерлерінен тітіркенуінен басталады. Одан əрі тітіркеніс орта-
лыққа тепкіш жыныстық жүйке талшықтары арқылы жұ
лын-
ның құйымшақ бөлігіндегі эякуляция орталығына беріледі.
Тітіркеніске жауап ретінде окситоцин гормонының əсерімен ен
қосалқысының, шəуеттік жолдың, қосалқы жыныс бездерінің
жəне несеп-жыныс өзегінің еттері үйлесімді жиырылады.
Осының нəтижесінде спермийлер мен қосалқы жыныс бездерінің
Достарыңызбен бөлісу: |