ды. Жыныстық айналым кезінде əртүрлі физиологиялық жүйе-
402
биологиялық өзгерістер байқалып, оның əр кезеңіне тəн жыныс-
тық реакциялар қалыптасады.
А.П.Студенцов (1953) теориясы бойынша жыныстық айна-
лым - организмнің барлық физиологиялық жүйелері қатысатын
күрделі нейрогуморальдық тізбектелген процесс. Ол қозу, теже-
лу жəне
теңелу сатыларына бөлінеді. Əр
сатыға жыныс ағзалары
кілегейлі қабығының белгілі өзгерістері, малдың жыныстық
белсенділігі, мінез-қылықтар тəн.
Жыныстық айналым кезіндегі құбылыстар аналық бездің
физиологиялық күйі мен организмнің гормондық статусына
байланысты. Осыған орай жыныстық айналымды шартты түрде
фолликулалық жəне лютеиндік кезеңдерге бөледі. Фолликулалық
кезеңде аналық безде фолликулалар жетіліп, оларда түзілген
гормондардың əсерімен жыныс ағзаларына қанның келуі кү-
шейеді, жыныстық қозу байқалады, ұрғашы мал мазасызданып,
оның тəбеті жоғалады, өнімділігі кемиді (сиырда - сүттілік),
жыныстық желік пайда болып, ол аталық мал іздей бастайды.
Осы сатыда жыныстық айналымның негізгі белгілері - шылымда-
ну (эструс) жəне
күйлеу құбылыстары байқалады.
Шылымдану (эструс) сатысында жыныс ағзаларының кіле-
гейлі қабығы қызарып, ісінеді, жатыр бездерінің қызметі күшейіп,
жатыр еттерінің қимылы жиілейді, жатыр мойыны ашылады да,
жыныс ағзаларынан (ірі қарада) шылым (шұбалыңқы шырышты
сұйық) бөліне бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы əр түлік малда
əртүрлі (36-кесте). Бұл сатыда жыныс ағзаларында байқалатын
күрделі морфологиялық жəне функциялық өзгерістер жыныс
торшаларының қимылын, өміршеңдігін, бір-бірімен кездесуін
жəне ұрықтың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: