13.5. Сүттің түзілуі
Сүт күрделі процестер нəтижесінде пайда болатын биоло-
гиялық сұйық. Бұл процесс бірнеше сатыда өтеді:
1) Сүттің өзіне тəн құрамаларын түзу; 2) Сүт құрамына енетін
заттарды қаннан сүзу; 3) Түзілген заттардың біраз мөлшерін кері
сору.
Сүттің өзіне тəн құрамалары – белоктар, май, қант, төрт саты-
лы процесс нəтижесінде түзіледі: а) желін альвеолаларының безді
торшаларының қан құрамындағы сүт құрамаларының алғы затта-
рын сіңіруі; б) альвеолалардың секрециялық торшаларында сүттің
өзіне тəн заттардың түзілуі; в) түзілген заттардың сол торшаның
апикальдық бөліктеріне ығысып, жинақталуы; г) олардың без
торшаларынан желін альвеолалары қуысына шығарылуы.
Альвеолалар эпителийі торшаларының синтездеу қабілеті
өте жоғары. Мысалы, сиыр əр минутта 0,6 г. белок, 0,82 г. қант
жəне 0,7 г май түзе алады. Сүт түзу үстінде без торшалары қан
құрамындағы кейбір заттарды сіңіріп, жинақтайды да, біраз зат-
тарды өзіне өткізбейді, демек, оларға талғамдылық қасиет тəн.
Сондықтан сүт құрамалары қан құрамындағы алғы заттар-
дан түзілгенімен, қан мен сүт құрамында көп айырмашылық
байқалады (15-сызба). Қан плазмасымен салыстырғанда, сүт
құрамында қант 90-95 есе, май - 26, кальций - 14, калий - 9 есе
444
көп те, белоктар - 2 есе, натрий - 7 есе аз. Қан құрамындағы алғы
заттар без торшалары мембранасынан не сүзілу жолымен, не
белсенді тасымалдану арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |