Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жүйке орталықтары жəне олардың физиологиялық



Pdf көрінісі
бет412/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

18.6. Жүйке орталықтары жəне олардың физиологиялық 

қасиеттері

Жүйке орталығы деп организмнің нақтылы қызметін рет-

тейтін орталық жүйке жүйесіндегі нейрондар жиынтығын ай-

тады. Организмде қанша рефлекстік қызмет болса, сонша жүй-

ке орталығы болады. Мысалы, тыныс алу, қан айналым, ас 

қо рыту, сілекей бөлу, жылу реттеу, т.с.с. Жүйке орталығы деген 

таза физиологиялық ұғым, оның себебі белгілі бір қызметті рет-

теуге қатысатын жүйкелік құрылымдар орталық жүйке жүйе-

сінің əртүрлі бөлімдерінде орналасуы мүмкін. Мысалы, ты ныс 

орталығын жұлында, сопақша, ортаңғы, аралық мида, ми қыр-

тысында орналасқан жүйкелік құрылымдар жиынтығы құ райды. 

Жүйке орталықтарына бірнеше физиологиялық қасиеттер тəн.

Қозуды бір бағытта өткізу. ОЖЖ қозу толқынын тек бір 

бағытта - афференттік нейроннан аралық нейрондар арқылы 

эфференттік нейрондарға өткізеді. Кері бағытта қозу толқыны та-

ралмайды (189-сурет). Бұл заңдылықты 1823 жылы бір мерзімде 

ағылшын ғалымы Ч. Белл 

жəне француз ғалымы 

Ф. Мажанди ашқан, сон-

дықтан оны Белл-Ма жан-

ди заңы деп те атайды.

189-сурет. Қозуды бір бағытта 

өткізу: 


А – оқшауланған жүй-

кемен қозуды өткізу, Ə – орталық 

жүйке жүйесімен қозуды өткізу



544

Орталық жүйке жүйесінде қозу толқынының бір бағытта 

өткізілуі оның нейрондық құрылымының дəлелі. Екіншіден, 

бұл орталық жүйке жүйесінің қозуды өткізетін жолының үзілме-

лі сипатының, анатомиялық жəне функционалдық тұрғыдан 

əртектілігінің белгісі. Демек, қозу толқынының бір бағытта 

өткізілуінің себебі орталық жүйке жолдарының анатомиялық 

əртектілігінде, орталық синапстардың болуында.



Қозудың өтуін бөгеу (баяулату). Бұл құбылыс жүйке им-

пульс 


терінің, синапстар арқылы баяу өткізілуімен байланыс-

ты. Қозу толқынын өткізуді қамтамасыз ететін негізгі про-

цес 

терді (аксон ұшынан медиаторлардың бөлінуін, олардың 



си 

напстық саңылаудан өтуін, қоздырушы постсинапстық по-

тенциал туындауын) атқару үшін белгілі уақыт қажет. Сүт 

қоректілер жұлынының қозғағыш нейрондарында коздырушы 

постсинапстық потенциал аксон ұшына жүйке импульсі жетке-

нен соң 0,3-0,5 мс-тан кейін пайда болады. Осыдан кейін тарала-

тын əрекет потенциалы туындағанға дейін тағы да 1,2 мс уақыт 

өтеді. Демек, қозу толқынының бір синапстан өтуі үшін 1,5-2,0 

мс уақыт қажет. Зерттеулерге қарағанда, қозу толқыны жүйке 

талшығымен салыстырғанда синапстарда 200 есе баяу тарала-

ды. Жоғары сатыдағы омырытқалы жануарлардың үлпекті жүйке 

талшықтарында қозу толқыны 100 м/сек жылдамдықпен тарайды 

немесе 1 мм жолды, 0,00001 сек ішінде өтеді. Ұзындығы 1 мм 

синапстық аймақты 0,002 сек ішінде өтеді.

Синапс арқылы қозу толқының өту жылдамдығын арнаулы 

тəжірибе арқылы анықтауға болады (190-сурет). Бұлшық етті 

жүйкелейтін сезімтал (



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   408   409   410   411   412   413   414   415   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет