582
онда белгілі дəрежеде əртүрлі тітіркеністерді талдау, жинақтау
процестері де жүреді. Дегенмен, таламус деңгейіндегі жіктеу
қарапайым жəне үстіртін келеді. Мысалы, ми қыртысы сылынып,
бірақ таламусы бұзылмаған итте қимыл үйлесімі сақталады, олар
жүру қабілетін жоғалтпайды, тіпті жүгіре де алады. Бірақ мұндай
ит тек үйреншікті қимылдарды ғана атқарады, жаңа, күрделі
қимылдарды игере, үйрене алмайды.
Таламус бұлшық еттің икемділік тонусын реттеуге де
қатысады. Миды таламустың алдынан тіліп тастаса, бұлшық ет
тонусы күшейіп, еттің икемділігі тым жоғарылап кетеді де, мал
еріксіз берілген кейіптен шыға алмай қалады. Демек, мал қалыпты
кейпін еттің икемділік қасиетінің арқасына ғана сақтай алады.
Эпиталамуста иіс сезу орталығы мен ішкі секрециялық без -
эпифиз орналасады.
Гипоталамус - мидың үшінші қарыншасының вентральдық
қабырғасын құрайды, көру төмпегінің астыңғы жағында орнала-
сады. Осы себепті оны төмпек асты аймақ деп атайды. Гипота-
ламус алдыңғы жағында иістік мимен, артқы жағында ортаңғы
мимен жанасады.
Көлемі жағынан гипоталамус кішкентай ғана құрылым
болғанымен, көптеген ядролардан тұрады. Олардың ішінде
негізгілері - паравентикулярлық, супраоптикалық ядролар, сұр
төмпек, еміздікше дене. Гипоталамус аймағында жалпы алғанда,
32 жұп ядро орналасқан. Солардың арасында сүт қоректі жануар-
ларда сұр төмпек өте жақсы дамыған (215-сурет).
Гипоталамус ОЖЖ-ің барлық бө-
лімдерімен тығыз байла нысқан. Оның
эфференттік жолдары көру төм
пегі-
мен, гипофизбен, ортаңғы жəне сопақша мимен жəне аксонда-
ры вегетативтік жүйкелердің түйін алды талшықтарын түзетін
торшалармен жалғасады. Гипоталамус ядролары афференттік
импульстерді көру төмпегі арқылы қабылдайды. Көру төмпегі
арқылы гипоталамуске үлкен ми жарты шарлары қыртысының
иістік, премоторлық жəне қозғағыш аймақтарынан тараған им-
Достарыңызбен бөлісу: