Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Торлы құрылым жəне оның маңызы



Pdf көрінісі
бет441/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

19.3.5. Торлы құрылым жəне оның маңызы

Орталық жүйке жүйесінде сұр жəне ақ заттармен қатар тор-



лы құрылым (ретикулярлы формация) деген атпен белгілі болған 

түзіліс кездеседі. Ол пішіні мен мөлшері əртүрлі торшалардың 

шоғырлануы нəтижесінде пайда болады. Осы торшалардың 

шашыраңқы орналасқан өсінділері бір-бірімен айқасып, қиы-

лысып, тор тəрізді зат құрайды. Торлы зат орталық жүйке жүйесінің 

көптеген бөлімдерінде орын тебеді. Жұлында ол астыңғы жəне 

үстіңгі мүйіздер аралығында - бүйір бағанда орналасады. Торлы 

құрылым жұлынның мойын бөлігінде анық байқалады, деген-

мен, ол ми сабағында жақсы шоғырланған. Торлы құрылым ми 

сабағының медиальдық бөлігі мен өзегін ала жатады да, көру 

төмпектеріне дейін созылады. Тіпті, көру төмпешіктері мен гипо-

таламусте де бұл құрылымның элементтерін кездестіруге болады 

(216-сурет). 

Торлы құрылымды алғаш XІX ғасырдың аяғында Дей-

терс ашқан. XX ғасырда оның морфологиясы терең зерттеліп, 



585

көптеген ерекшеліктері анықталған. 

Торлы құрылымды құрайтын нейрон-

дар өсінділері қысқа келеді де, өте 

көп тарамданады жəне олар топтасып, 

көптеген ядролар құрайды. Тек қана 

сопақша мида торлы құрылымның 

90 ядросы орналасады. Мидың ешбір бөлімдерінде торлы 

құрылымдағыдай мөлшерде ядролар кез 

деспейді. Бұл торлы 

құрылым қызметінің күрделілігінің, жан-жақтылығының белгісі.

Торлы құрылым нейрондары дененің белгілі бір бөліктерімен 

нақтылы байланыс түзбейді. Олар əртүрлі рецепторлардың - 

көру, есту, жанасу, дəм сезу, терморецепторлар, т.б. тітіркенуі 

нəтижесінде қозады. Кез келген рецептор тітіркенгенде тітірке-

ніс орталыққа тепкіш арнаулы жол арқылы ми қыртысына бағыт-

талады да, тітіркенген рецептордың табиғатына байланысты 

оның белгілі бір бөлігінде қозу пайда болады. Сондықтан бұл 

жолды  арнаулы немесе классикалық өткізу жолы деп атайды. 

Бұл жол үшін көру төмпегі (таламус) өткел болып табылады. Ар-

наулы өткізгіш жол арқылы импульс өте шапшаң таралады жəне 

ми қыртысының нақтылы бөлігіне бағытталады да, шоғырланған 

қозу процесін тудырады. Ол өзіндік қасиетін сақтап, əсер еткен 

тітіркендіргіштің сипатын бейнелейді, тітіркендіргіш жайлы 

анық мəлімет жеткізеді, нақтылы түйсік туғызады. Демек, бұл 

импульстер белгілі бір хабар (сигнал) ретінде қабылданады. 

Ми сабағы деңгейінде əрбір арнаулы өткізгіш жолдан тор-

лы құрылым торшаларына бүйір тармақ бағытталады. Осының 

нəтижесінде арнаулы өткізгіш жолмен тараған импульстің əсе-

рімен торлы құрылым торшалары қоса қозады. Бұл торша 

лар 

əртүрлі жолдардың бүйір тармақтарымен жалғасатын болған-



дықтан торлы құрылымда импульстер өзіндік сипаттарын жоғал-

тады. Қозған торлы құрылым торшаларынан да импульстер ми 

қыртысына бағытталады, бірақ олар шашырай, жайыла тарала-

ды да, барлық қыртыс торшаларының жалпы белсенділігін арт-

тырады. Осымен байланысты торлы құрылымның өрлеу жолын 

жалпылама афференттік жол деп атайды. Бұл жолмен импульс-

тер баяу тарайды жəне өзіндік сипатын жоғалтып, сигналдық 

маңызынан айрылады.

Сонымен, ми қыртысының əрбір нейроны импульстерді арна-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет