22.4. Малдың түрлі жасанды жағдайларға бейімделуі
Жасанды микроклимат жағдайында жануарларда қалыпты
фи зиологиялық күй сақталады, бірақ тыныс жиілігі, жүрек жұ-
мысы, дене температурасы, қан қысымының көрсеткіштері ең
жоғарғы деңгейде қалыптасуы мүмкін. Мол өнімді сиырлар-
да зат алмасу процесінің ауытқулары байқалады. Қыс - көктем
маусымдарында сиыр организмінде сілтілік қор азайып, ацидоз
құбылысы байқалады, қан құрамында кальций мөлшері төмендеп,
фосфор мөлшері жоғарылайды. Рационға жазғы балауса азық
араласқаннан кейін жоғарыда аталған ауытқулар қалпына келеді.
Малды тар қораға қамаған жағдайда олардың тіршілігіне қа-
жетті физиологиялық қимыл белсенділігі шектеледі. Гиподина-
мия жəне шектен артық азықтандыру нəтижесінде сиырлар семі-
ріп, кетоз ауыруына ұшырайды, малдың қысыр қалуы ықтимал.
Бұл ауытқулар физиологиялық адаптацияның қалыптаспауының
салдарынан туындайды.
Организмнің қалыпты физиологиялық функциялары сақта-
лып, зат алмасу процесі бұзылмас үшін мал қораларында белгілі
микроклимат қалыптастыру керек. Сиыр қорада қыста ауа темпе-
ратурасы 5-6(С, жазда – 25(С, ылғалдылығы – 70-85%, көміртегі
қостотығының мөлшері 0,25 көлем пайыздан, аммиак мөлшері –
0,01-0,02 мл/л, күкіртті сутегі мөлшері – 0,005-0,1 мг/л-ден аспау
керек. Сонымен қатар сауын жəне буаз сиырларды күнделікті
се руенге шығарып, малға кемінде 3-5 км жер жүруге мүмкіндік
туғызған жөн.
Бейімделу процесін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын
гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті без жүйесінің функционалдық
күйіне сиырды сауу жиілігін өзгерту немесе қолмен саууды ма-
шинамен саууға алмастыру да үлкен əсер етеді. Сауу жиілігі жəне
сауу əдісі өзгергеннен кейін алғашқы күндері қан құрамында кор-
тикостериодтар көбейіп, олар едəуір мөлшерде зəр құрамында
694
бөлінеді. Машинамен сауу тəсіліне мал өз организмінің ерекше-
ліктеріне, өнімділігіне сəйкес 10-15 тəулік ішінде бейімделіп
үлгереді. Бейімделу процесі жылдамырақ жүру үшін малдың
күтіп-бағылымын, азықтандырылу деңгейін жақсартып, маши-
намен сауу технологиясын қатал сақтау керек. Бұл талаптар-
ды əсіресе, тұмса малды сауу процесіне үйрету кезінде мұқият
сақтаған жөн. Малдың бұл тобы үшін табынның өзгеруі, сауу
процесі, механикалық қондырғылар шуылы бейімделуді қажет
ететін күшті тітіркендіргіш болып табылады. Сақа сауын сиыр-
лар жүрегінің сол жақ қарыншасы үлкейіп, толғау (пульсация)
ырғағы тым жиі болған жағдайда экстросистолия байқалды. Бұл
құбылыс толғау аппаратының жұмыс ырғағы жүрек жұмысының
ырғағынан жиі болған жағдайда байқалады. Аппарат ырғағы жү-
ректің жұмыс ырғағынан төмен не оған сəйкес болған жағдайда
жүрек соғысында ауытқулар сезілмейді. Осымен байланысты
толғау аппаратының жұмыс ырғағы жүрек жұмысының ырғағына
сəйкес, не одан 10-11 пайызға төмен болғаны жөн (А. Н. Голиков).
Сонымен, əртүрлі жасанды жағдайларға бейімделу процесі
дұ рыс жүру үшін малды күтіп-бағу, азықтандыру, қора-жай
микроклиматтарының организмнің функционалдық жүйелеріне
əсерін тиімді пайдаланған орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |