Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет86/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94
Байланысты:
7 сынып химия оқулығы

Æанғыш пайдалы қазбалар
Мұнай.
 
Мұнайдың қоры Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс 
Қазақстан облыстарында орналасқан. Ең алғаш 1899 жылы Ембідегі 
Қарашұңғылда, содан кейін Доссор мен Мақатта мұнай бұрқағы 
атқылады.
Табиғи газ. 
Негізгі кен орындары: Қарашығанақ, Жаңажол, 
Қызылой және т.б. 
Көмір.
 
Таскөмір және қоңыр көмірдің 10 бассейні бар; 300­ден 
астам кен орындары зерттелген. Жыл сайын республикада 100 млн т 
көмір өндіріледі. Таскөмірдің негізгі кен орындары Қарағанды, 
Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан. Қарағанды 
көмір бассейнінің ауданы 3600 км
2
­ден астам. Бұл — Қазақстандағы 
негізгі көмір базасы. Қарағанды көмірі кокстеледі, сондықтан оның 
сапасы өте жоғары. Сарыарқа мен Ертіс маңы жазығының арасында 
орналасқан Екібастұз көмір алабы маңыздылығы жағынан екінші 
орында. 


121
Пайдалы қазбалар
Темір. 
Кен орындары, негізінен, Солтүстік Қазақстанда. Ең 
маңыз дысы — Қашар және Соколов­Сарыбай, Лисаков кен орны.
Марганец.
Марганецтің ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы 
Атасу Жезді жатады.
Хром.
Хромның кен орындарының 99%­ы Мұғалжар тауында 
орналасқан. Сапасы жоғары кендер Кемпірсай және Донская кен 
орын дарында кездеседі.
Никель.
 
Никельдің маңызды кен орны Мұғалжарда орналасқан. 
Сарыарқаның солтүстік­шығысында және Торғай даласында 40­тан 
аса ірі кен орындары бар.
Алюминий.
Қазақстан алюминий өндіруден ТМД бойынша 
бірінші орында. Ең ірі алюминий кені
 
(боксит), негізінен, Қостанай 
облысында шоғыр ланған. Кен орындары: Наурызым, Құсмұрын, 
Көктал, Шығыс Аят және т.б. 
Мыс.
 
Қазақстанда мыс кенінің орасан көп қоры бар. Ең ірі кен 
орындары — Жезқазған, Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ және т.б.
Полиметалдар.
Бұл кендердің құрамына қорғасын және мырыш, 
сондай­ақ алтын, күміс және басқа металдардың бағалы минералдары 
кіреді. Қорғасын мен мырыштың бай кен орындары — Риддер, 
Зыряновск және басқалар.
Алтын.
Қазақстанда алтынның 224 кен орны бар. Олар кешенді 
және шашыранды орналасқан. Кен орындары — Ақбақай, 
Юбилейное, Майқайың, Бестөбе, Жолымбет және т.б. 
Сирек металдар.
 
Бұл металдарға вольфрам, молибден, ванадий, 
висмут, сурьма және басқалар жатады. Кейбір сирек кездесетін 
металдар Жетісу мен Алтай тауларындағы кен орындарында кез­
деседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет