Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет87/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 
(1899—1964)
Белгілі ғалым, қоғам қайраткері, Қазақ стан Республика­
сы Ғылым академия сын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш 
президенті Қ.Сәтбаев — Қазақстан металлургиясының 
дамуы на баға жетпес үлес қосқан ғалым.
Қазақстанның кең­байтақ даласын зерттеп, пайдалы 
қазбалар дың ірі кен орындарын ашты. Осының нәтижесінде 
елімізде өндірілетін металдардың қатары кеңейіп, алтын, 
күміс, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, никель, кобальт, 
молибден, вольфрам және т.б. металдар өндіріле бастады.
Қаратауда ванадий кенін өндіру кезінде табылған мине­
рал Қ.Сәтбаев құрметіне сатпаевит деп аталды.


122
Пайдалы қазбалардың жекеле-
ген түрлерінің қорлары
Пайдалы 
қазбалар
Қорлары
Таскөмір
Мұнай
Газ
Темір кені
Марганец
Хромит
Фосфорит
176,6 млрд т
2,8 млрд т
1,7 трлн м
3
17 млрд т
600 млрд т
460 млрд т
4 млрд т
Пайдалы 
қазбалар
Дүниежүзі 
бойынша 
орны
Вольфрам
Хромит
Фосфорит
Уран
Марганец
Қорғасын
Молибден
Темір
Алтын 
Көмір
1
2
2
2
3
4
4
8

10
Кенсіз пайдалы қазбалар
Асбест.
 
Асбестің ең ірі кен орындары Қостанай және Қарағанды 
облыстарында орналасқан. Маңызды кен орындары Мұғалжар­
дың оңтүстігіндегі Бөгетсай және Шу­Іле тауларындағы Хантауда 
бар.
Фосфориттер
(фосфор қосылыстары). Қазақстан фосфорит қоры 
бойынша екінші орында. Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау мен 
Ақтөбе облысындағы Мұғалжар тауларында фосфориттердің ірі кен 
орындары бар.
Ас тұзы.
 
Қазақстанда тұздардың орасан көп қоры бар. Әсіресе 
Каспий маңы ойпаты тұзға өте бай. Жекелеген тұз қабаттарының 
қалыңдығы 2 км­ден асады. 
Сендер байқағандарыңдай, біздің елімізде химиялық шикізаттың 
орасан мол қоры бар. Шикізат өндірісін дамыту өте маңызды. 
Сондай­ақ шикізатты өндіріп қана қоймай, олардан дайын өнім 
жасап шығару керек. Пайдалы қазбалардың жекелеген түрлерінің 
қоры келесі кестелерде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет