123
8.
Шикізат пен алынатын өнімдердің арасындағы сәйкестікті тап.
Шикізаттың атауы
Өнімдер
1) мұнай
а)
бензин
2) көмір
ә) қола
3) мыс
б) болат
4) темір
в) ұшақ
5) газ
г) тұрмыста қолданатын отын
6) күміс
ғ) жылу электрстансыларына арналған отын
7)
алюминий
д) әшекей бұйымдары
1. Қазақстанда жасалған 10 түрлі бұйымды табыңдар.
Егер заттаңбада ақпарат болмаса, олардың қайда дайында
латы нын тұспалдаңдар. Елімізде кездесетін шикізаттардан
үйге қа жетті басқа да заттар жасауға бола ма?
2.
“Ëава-лампа” тәжірибесі.
Тәжірибеге аспирин, су,
ас тұзы, күнбағыс майы, спирт, бояу қажет.
А. Бірінші стақанға су құйып, тұз және қызыл бояу қосыңдар.
Ә. Бірінші стақандағы қоспаны бокалға құйыңдар.
54-сурет.
Қазақстандағы
кен орындар картасы
124
Б. Тұзды су астында қала тындай етіп, құйғы арқылы
екінші стақандағы майды бокалға сақтықпен құйыңдар.
В. Үшінші стақанға спирт құйып, жасыл бояу қосыңдар.
Г. Үшінші стақандағы сұйықтықтыда бокалға құйғы
арқылы құ йың дар (спирт сұйық майдың бетіне құйылатын
болуы тиіс).
Д. Бокал түбіне аспирин тастаңдар.
Қорытынды
. Бокалда
араласпайтын сұйықтықтар
қоспасы пайда болады. Аспирин таблеткасы бокалдың
түбіндегі
тұзды суға батып, газ көпіршіктерін түзеді.
Бұл газ көпіршіктері май қабаты арқылы өткенде қызыл
сұйықтықты артынан ерітеді, сөйтіп лавалампаға ұқсас
көрініс пайда болады.
Өте маңызды
Менделеев кестесіндегі қазіргі белгілі 118 хи
мия лық элементтің 99ы Қазақстанның жер қой
науынан табылған. Пайдалы қазбалардың қоры
жағы нан Қазақстан ТМД елдерінің арасында хром
мен қорғасын
кендері бойынша бірінші; мұнай,
күміс, мыс, мырыш, марганец, никель және фосфор
шикі заттары бойынша екінші; газ, көмір, алтын мен
қор ғасыннан үшінші орында.
Достарыңызбен бөлісу: