Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет90/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
7 сынып химия оқулығы

қалпына келмейтін ресурстар.
Пайдалы 
қазбалар ұзақ геологиялық кезеңде пайда 
болады. Сондықтан бұл ресурстар толығымен 
сарқылуы мүмкін (6­сызбанұсқа).
Ғылым мен технологияның дамуына байла­
нысты қоғамның ресурстарды пайдалану 
жылдамдығы да артып келеді. Біздің еліміз­
дің әр тұрғынының қажеттілігін қанағат­
тандыру үшін жыл сайын 20 т түрлі пайдалы 
қазбалар өндіріледі. Пайдалы қазбаларды 
өндіру мен қолдану нәтижесінде қажетсіз 
химиялық айналымдар жүзеге асады және 
қалдықтар тасталады.
Көптеген қалдықтар тұрмыста пайда 
бо ла ды. Кейбір бұйымдар бізді жалық­
тырғандықтан қалдыққа айналады. Оларды 
біз лақтырып тастаймыз. Егер біз оларды 
тастасақ, біз олардан құтылдық деген сөз 
емес. Химиялық элементтерден тұратын 
қалдықтар бізге осы күйде пайдасыз болса 
да, олар ешқайда кетпейді, мұны ескеру 
қажет. Қалдықтар әртүрлі болады. Олардың 
кейбіреулерін біз арнайы ыдысқа жинаймыз, 
бұл — қалдықтар, ал басқалары қоршаған 
ортаға кездейсоқ тасталады, бұл — ластану. 
Кейде қандай да бір бұйымдар екінші 
рет қолданылуы мүмкін, ал кейде шикізат 
ретінде өңделеді (екіншілік шикізат).
Қазақстанның экологиялық проблемалары 
және оларды шешу жолдары. 
Біздің рес­
публикамызда көптеген экологиялық мәселе­
лер бар.
Күрделі экологиялық мәселелердің бірі — 
ҚР аумағындағы радиациялық ластану. 
Ойлан!
• 
Шырын құятын шыны 
бө тел кені, алюминий 
қал бырды және қажетсіз 
қағаз ды екінші рет қол­
да нудың жолын көр сет.


126
1949 жылдан бері Семей полигонында 
жүр гі зілген ядролық сынақтар Орталық 
және Шығыс Қазақстанның орасан үлкен 
аумағын ластануға әкеп соқты. Сондай­ақ 
ҚР Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш кеме­
лерін ұшыру нәтижесінде пайда болған озон 
тесік терінің әсерінен радиациялық ластану 
артып отыр. Бұл мәселелерді шешу бүгінгі 
күннің негізгі талабы.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы заңда­
рының бірі — Семей полигонын жабуға 
арналған жарлықта радиация лық ластанудың 
қаншалықты зиянды екені көрсетілген.
Радиоактивті қалдықтар еліміз үшін ора­
сан үлкен мәселе туғызып отыр. Мысалы, 
Үлбі комбинатында 100 мың т уран, торий 
қалдықтары жиналған, бұған қоса қалдықтар 
қоймасы Өскемен қаласының аумағында 
орналасқан. 
Қазақстан Республикасындағы қауіп ті 
экологиялық мәселелердің бірі — су ресурс­
тарының азаюы. Әсіресе Әмудария мен 
Сырдарияның суларын дұрыс пайдаланбау 
салдарынан Арал теңізінің тартылуы апатты 
жағдайға әкелді. Теңіздің деңгейі 13 м­ге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет