10
1. Инженерлік компьютерлік графиканың базалық негіздері
1.1
AutoCAD
графикалық
жүйесі,
оның
ерекшеліктері
мен
артықшылықтары. Графикалық редактордың сипаттамасы.
AutoCAD жүйесінің ағылшын және орыс тіліндегі нұсқалары ӛте кӛп. Кең
таралған қолданбалы бағдарламалар мен жүйелердің кӛпшілігі
сияқты бұл
жүйенің қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ болғандықтан, дәріс мұқтасарында ағылшын,
орыс тіліндегі командаларды және командаларды орындау барысындағы сұраулар
мен талаптарды ӛзгеріссіз, экранда кӛрсетілгендей беруді жӛн кӛрдік.
AutoCAD 2008 интерфейсі Windows-қа арналған басқару элементтерінің
стандарттық жиынын құрайды. Операциялық жүйенің ӛзінің
немесе Microsoft
Office пакетінің интерфейсімен таныс қолданушыға терезе элементтерімен
жұмыс, командаларды енгізу қиынға соқпайды. Тӛменде AutoCAD 2008
интерфейсінің базалық компоненттері келтірілген.
AutoCAD-тың басты терезесі
11
AutoCAD-ты іске қосқанда 1.1-суретте кӛрсетілген
экран пайда болады, ол
бірнеше элементтерден тұрады.
Оның негізгі элементтері:
• мәзір (меню) жолы (терезенің үстіңгі бӛлігінде орналасқан),
• жағдай жолы (терезенің астыңғы бӛлігінде орналасқан),
• графикалық терезе (оны AutoCAD-тың графикалық алаңы деп те атайды),
• командалар жолы,
• курсор (меңзер) қиылысы,
• бірнеше аспаптар панельдері.
Бұл элементтердің әрқайсысының атқаратын қызметі бар,
соларды біртіндеп
қарастырайық.
Мәзір жолы
Бұл жол экранның жоғарғы бӛлігінде орналасады. Бұрынғы нұсқаларда оны
құлама деп атайтын. Онда AutoCAD командалары
функциялық қызметіне қарай
топтастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: