Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


информатор ; - егер баланың жүрегіне жол тапқысы келсе, онда педагог –  дос



Pdf көрінісі
бет117/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

информатор
;
- егер баланың жүрегіне жол тапқысы келсе, онда педагог – 
дос 
ретінде танылады; 


241 
- егер ол тәрбиеленушілердің санасына нормалар мен 
құндылықтарды күштеп енгізетін болса, онда педагог – 
диктатор

- егер сендіруді қолданса, онда педагог – 
кеңесші; 
- егер ол тәрбиеленушіге жалынатын, оның алдында 
кішірейетін, оны тек мақтай беретін болса, онда педагог – 
сҧраушы; 

егер 
ол 
тәрбиеленушілерді 
қызықты 
мақсат, 
перспективалармен жандандыра білсе, онда педагог –
шабыт 
тудырушы.
Аталған әрбір позиция тәрбиешінің жеке тұлғасына 
байланысты жағымды не жағымсыз нәтиже беруі мүмкін. 
Лектордың сӛзі: 
Профессиограмма 
(Слайд 5)
 
Мҧғалімге қойылатын кәсіби талаптардың 
жиынтығы 
педагогикалық қызметке 
кәсіби дайындық 
терминімен енгізілген. 
Оның құрамында, бір жағынан, психологиялық, психологиялық-
физиологиялық және дене дайындығын, екінші жағынан, ғылыми-
теориялық және тәжірибелік қабілеттілігін ажыратады.
Педагогикалық білім берудің мақсатының кӛрінісі ретіндегі 
кәсіби дайындықтың мазмұны 
профессиограммада 
жинақталған. 
Мұғалімдердің кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп 
құрылымын (профессиограммасын) жасаудың мәні жоғары. Онда 
мыналар кӛрсетіледі: 

мұғалімнің жеке басы, оған тән сапалық қасиеттер мен 
белгілер. 

мұғалім 
мемлекеттің, 
әлеуметтік ортаның идеясын 
насихаттаушы, ӛз кәсібіне жан-тәнімен берілген адам, сондықтан 
мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтық 
бағыттар мұғалімнің жеке басының негізгі қасиеттері. Сапалық 
белгілеріне: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы 
сүю, байқағыштық, орынды талап қою, ұстамджылық, әдептілік, 
сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік және т.б. жатады. 

мұғалім қызметінің түрлері: ұстаздық, тәрбиешілік, 
қоғамдық-саяси, қоғамдық-педагогикалық жұмыстар. 

мұғалімнің мамандық деңгейін кӛтеруге қойылатын 
талаптар: кәсіптік білім, білік, дағды, ізденіс, ісіне шығармашылық 
мән беру, жаңашылдық, білім берудің сапасын жетілдіру. 


242 

мұғалімдердің әдістемелік деңгейін кӛтеруге байланысты 
жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл 
мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу, оны тарату, оқу-тәрбие 
жұмыстарының нәтижесін, тиімділігн анықтау, мұғалімдердің 
білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бӛлу, 
педагогтық оқуға, басылымбарға қатысу жұмыстары. 

мұғалімдік мамандықтың ӛзге мамандықтардан ерекшелік 
белгілері. Ол жоғары аталған тӛрт белгінің мазмұнын біріктіреді.

оқу орындарында мұғалімдік мамандыққа дайындау 
жолдары. Мектеп оқушыларына мұғалімдік мамандық бойынша 
бағдар беру; педагогикалық оқу орындарында оқып жүрген кезінде 
мұғалімдік мамандыққа үйрету, мұғалімдік мамандықты меңгеру 
және ӛз бетінше мамандық шеберлігін кӛтеріп отыру жұмыстары. 

студенттердің, 
мұғалімдердің 
ӛз 
бетінше 
білімін 
жетілдірудің мазмұны: болашақ мұғалімдердің ғылыми деңгейін 
кӛтеру, арнайы әдістемелік білімін жетілдіру. 

мұғалімдік мамандықтың шебері болудың негізгі белгілері: 
кәсіби білім, білік, дағды, кәсіби қабілет, педагогикалық әдеп, 
педагогикалық техника. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет