Профессиограмма
– мұғалім мамандығына тән негізгі
қасиеттер мен оған қойылатын кәсіби талаптардың жүйесі.
Мұағлімге қойылатын кәсіби талаптар ӛзара байланысқан үш
негізгі кешенге біріктірілген: жалпыазаттық қасиеттер; мұғалім
мамандығынығ спецификасын белгілейтін қасиеттер; пән
(мамандық) бойынша арнайы білім, білік және дағды. Психологтар
профессиограмманы негіздеуде тұлғаның ақыл-ой, сезім, және
еріктік қасиеттерін кӛрсететін педагогикалық қабілеттерді
белгілейді. Мысалы, В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық,
коммуникативтік қабілеттерімен қатар педагогикалық қиял және
зейінді шоғырландыру қабілетін ажыратады.
А.И.Щербаков
маңызды
педагогикалық
қабілеттерге
дидактикалық,
конструктивті,
перцептивті,
экспрессивті,
коммуникативті және ұйымдастырушылықты жатқызады.
Педагогикалық білім берудің мақсаты - жаңа типті мұғалімнің
үздіксіз жалпы және кәсіби дамытылуы. Оған мыналар тән:
- азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік бейімделу;
- балаларға деген сүйіспеншілік, оларға жүрек жылуын беруі;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен
жұмыс жасауға құштары мен іскерлігі;
243
- жоғары кәсібилік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың
инновациялық стилі;
- ӛздігінен білім алуға қажеттілігі және оған дайындығы;
- денсаулық, психикалық саулық, кәсіби жұмысқа қабілеттілік.
3 КЕЗЕҢ – ТОЛҒАНЫС
Тапсырма:
«Менің
педагог
профессиограммасымен
сәйкестігім» атты эссе жау тапсырылады.
5.3. Студенттердің білімі мен білігін бақылау формалары
мен тҥрлері
Педагогикалық бақылаудың формалары
Жоғарғы оқу орнындағы бақылау жүйесін емтихандар,
сынақтар, ауызша жауаптар (әңгімелесу), жазбаша бақылау,
реферат,
коллоквиум,
семинарлар,
курстық
жұмыстар,
лабораториялық
бақылау
жұмыстары,
жобалар,
күнделік
жазбалары, бақылау журналдары құрайды.
Ауызша бақылау барысында тек білім тексеріліп қоймайды,
сонымен қатар, ауышза сӛйлеуге жаттығады, педагогикалық қарым-
қатынас дамытылады. Жазбаша жұмыстар материалдың меңгерілу
деңгейін құжат түрінде кӛрсетуге мүмкіндік береді, бірақ оны
ӛткізуге кӛп уақыт жұмсалады.
Емтихан студенттердің психикасына қосымша әсер етеді.
Курстық және дипломдық жұмыстар болашақ маманның
шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Бақылау түрлерін үйлесімді біріктіру – ЖОО-дағы оқу процесін
ұйымдастырылу деңгейінің кӛрсеткіші және оқытушының
педагогикалық біліктілігінің маңызды кӛрсеткіші.
Уақыты
бойынша
педагогикалық
бақылау
ағымдық,
тақырыптық, аралық, қорытынды, соңғы болып бӛлінеді.
Ағымдық
бақылау
студенттерді үлгерімі тӛмен және үлгерімі жоғары деп
ажыратуға мүмкіндік береді, оқу мотивациясын тудырады (сұрау,
бақылау, тапсырмалар, ӛзін-ӛзі бақылау мәліметтерін тексеру).
Тақырыптық бақылау
– бағдарламаның нақты тақырыбын және
тарауының нәтижелерін бағалау.
Аралық бақылау
– оқу
материалының бір бӛлігінен келесі сатысына ӛту үшін әрбір
244
студенттің оқу жетістіктерін тексеру.
Қорытынды бақылау
Достарыңызбен бөлісу: |