Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет68/179
Дата11.09.2023
өлшемі2,14 Mb.
#106904
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   179
Байланысты:
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Коллоквиум.
 
«Коллоквиум» сӛзі латынның «collocvium» - 
әңгіме, әңгімелесу дегенді береді. Бұл оқу сабақтары формаларынң 
бірі, оқытушы білімді анықтау мақстында студенттермен 
әңгімелеседі. Коллоквиум бақылау-оқыту қызметін атқарады. Егер 
оқылатын пән 2-3 семестрге жоспарланған, бірақ қорытынды 
бақылау бір рет болса, коллоквиум қолданған орынды. Оны 
семинар орнына қорытынды практикалық сабақта белгілеуге 
болады. Коллоквиум білімнің меңгерілу деңгейін анықтауға 
сүскіндік 
береді, 
ұйымдастырушылық 
қызмет 
атқарады, 
студенттерді белсендендіреді, оқытушы мен студент арасында кері 
байланыс орнатудың формасы ретінде ұснылады. 
Ӛзіндік жҧмыстың шығармашылық сипаты. 
Шығармашылық ойлау – ойлау түрлерінің бірі, субъективтік 
жаңа ӛнімнің жасалуымен және оны жасау жӛніндегі танымдық іс-
әрекеттің ӛзіндегі жаңа түзілімдермен сипатталады. Ӛз бетімен 
білімін жетілдіру
 
– жеке адамның ӛзі басқаратын мақсатты 


161 
танымдық іс-әрекеті; қандай да бір саладан (ғылым, мәдениет, 
техника, саяси ӛмір және т.б.) жүйелі түрде білім алу. 
ӚЖ студент әрекетінде қайта ӛндіру және шығармашылық 
үрдістерді қажет етеді. Осыған сәйкес СӚЖ-ның 
ҥш деңгейін
ажыратады: 
1.
Репродуктивті (жаттығу) деңгейі. Жаттығу ӛзіндік 
жұмыстары үлгі бойынша орындалады: есеп шығару, кесте 
толтыру, сызба және т.б. Студенттің танымдық әрекеті танудан, 
ұғынудан, есте сақтаудан кӛрінеді. Мақсаты – білімді бекіту, 
іскерлік, дағдыларды қалыптастыру. 
2.
Реконструктивті деңгей. Реконструктивті ӚЖ-тарда 
жоспар құру, тезистер құру, аннотация жазу сынды тапсырмалар 
беріледі. Бұл деңгейде рефераттар орындалады. 
3.
Шығармашылық, ізденіс деңгейіндегі тапсырмалар 
проблемалық ситуацияны талдауды, жаңа ақпарат алуды талдауды 
қажет етеді. Студент мәселені шешу құралдары мен әдістерін ӛзі 
дербес таңдауы тиіс. 
Қазіргі 
ғылымда 
шығармашылық 
жалпы 
мәдениеттің 
интегративті, жүйеқұраушы компоненті ретінде қарастырылады. Іс-
әрекеттің шығармашылық сипаты студенттің танымдық әрекетінің 
ерекше стилін белгілейді. Ол студент тұлғасының барлық 
психикалық салаларының (танымдық, эмоционалдық, еріктік және 
мотивациялық) күрделі жұмыстануын қажет ететін нәтижелердің 
жаңалығымен және мәнділігімен байланысты. Шығармашылық – 
бұл: 
шығармашылықпен 
жұмыстануға 
деген 
қажеттілік; 
шығармашылықпен ойлау қабілеті; белсенділік; ӛз іс-әрекетін 
басқару және реттеу іскерлігі; жауапкершілік; ой-пікірдің 
дербестігі; ӛзіндік ерекшелік; қиял мен ойдың батылдығы. 
Шығармашылық кәсіби мәдениеттің компоненті ретінде ӛз-
ӛзінен дамытылмайды. Оны дамыту үшін мына жағдайлар қажет: 

жағымды мәдениетті шығармашылық атмосфера; 

ынталандырушы орта; 

объективті жағдайлар (әлеуметтік-мәдени шындықтың 
әсері, ұжымдағы жағымды эмоционалды психологиялық ахуал, 
ғылыми 
білімнің 
даму 
деңгейі, 
материалдық-техникалық 
жабдықталу, уақыттың болуы); 

субъективті жағдайлар (жалпы мәдениеттілік дайындықтың 
жоғары деңгейі, шығармашылыққа ұмтылу, дамыған ойлау және 
рефлексия, тәжірибе және интуиция, түрлі ситуацияларда шұғыл 


162 
шешім қабылдау іскерлігі, проблемалық кӛру және ғылыми 
зерттеудің техникасын меңгеру). 
Осылайша, 
шығармашылық 
– 
бұл 
тұлғаның 
жеке, 
психологиялық, интеллектуалдық күш-жігері мен қабілеттерін ӛз 
бетімен жүзеге асыру үрдісі. 
Студенттердің 
ӛздігінен 
орындайтын 
жұмыстарын 
ұйымдастыру мына 
шарттарға 
байланысты болмақ: 

студенттің ӛзі атқаратын жұмысының мақсатын айқын, 
саналы түсінуі; 

жұмыстың жемісті аяқталуына сеніп, алдағы нәтижесіне 
қызығуы; 

жұмысты студенттің ӛз еркімен орындауы; 
Ӛзіндік жұмысты ұйымдастыруға тӛмендегідей 
талаптар
қойылады: 

жұмыстың кӛлемін шамадан тыс асырмай, сапасын 
арттыруға кӛңіл аудару; 

студенттердің ӛзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа 
түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; 

студент жастардың дербестігін арттырып, ӛзіндік білім 
алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; 

ӛзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті ӛмірден алынған 
материалдарды, хабарларды енгізу; 

табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, 
нақты деректер мен құбылыстарды ӛздігінен талдап тұжырымдауға 
үйрету; 

алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; 

ӛз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр 
уақытта дербес және белсенді әрекет етуге баулу; 

ӛздігінен жұмыс істеуге, еңбек ету дағдыларын 
қалыптастыру. 
Ӛзіндік жұмыс жастардың танымдық іскерлігі мен дағдыларын 
қалыптастыруда, сондай-ақ, ӛз бетінше білім жинай алу 
қабілеттерін дамыту барысында жетекші рӛл атқарады, ойлау, сыни 
ойлау қабілеттерін жандыра түседі және оқып үйренуде 
шәкірттердің жалпы белсенділігін арттырады. Студенттердің 
ӛзіндік жұмысы оқу материалын нығайта түсу, жаңа материалды 
игеру мақсатын кӛздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет