Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет5/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Байланысты:
asambaev-jasandy-intellekt

1.2-сурет.
Деректер элементтерінің арасындағы байланыс 
Басқа сӛзбен айтқанда, білімдер бастапқы мәліметтерге (оларды 
декларативті ақпарат деп атауға болады) кейбір ӛңдеу әдістерді қолдау және 



сыртқы процедураларды (оны қосылған процедуралар немесе процедуралық 
ақпарат деп атайды) қосу арқылы алынады. Мәндер арасындағы 
арақатынастарды анықтау үшін жаңа бағдарламалық құралдар қажет. 
Жасанды интеллект бағдарламасының жұмысы «білімдер арқылы шешімді» 
қабылдау немесе «жаңа білімдерді шығару» мен анықталады. Бұл процесс 
сызба түрінде 
1.3-суретте
кӛрсетілген.
1.3-сурет.
Білімдердегі тұжырым 
Мысалды қарастырайық. Адам сағатқа қарайды. Нені ол кӛреді? 
Мәліметтерді? Ақпаратты? Білімді? Адамның іс-әрекетін бақылайық. Кӛз 
циферблатқа қарап тұр. Миға электр сигнал түседі. Сосын кісі ойланып 
түсіну керек (сағат тілінің орнынан) қанша уақыт (яғни алынған мәліметтерді 
кейбір шкаламен салыстыру). Нәтижесінде декларативті ақпаратты алып, 
мысалы 08:20, кісі сыртқы білімді қосып (мысалы, ӛзінің жұмыс тәртібін), 
кешіккенін (білім) түсінеді және жылдам жүре бастайды (мінез-құлқының 
параметрлерін ӛзгертеді, яғни мәліметтерді). 
Білімдердің ерекше белгісі – олар бастапқы жүйеде болмайды. Сағат 
циферблатында «мен кешіктім» деген жазу жоқ. Бұл сӛз адамның жұмыс 
тәртібінде де жоқ. Ақпараттық бірліктерді салыстыру, арасындағы 
қайшылықтарды табу және шешу нәтижесінде білімдер пайда болады. Яғни, 
білімдер белсенді, олардың пайда болуы (немесе жетіспеушілігі) кейбір іс-
әрекетке келтіреді.
Білімдер үшін келесі қасиеттер сипатты: 
- ішкі түсіндірушілік (әрбір ақпараттық бірліктің бірегей аты болу 
керек және ол бір мәнді анықталу керек);

құрылымдылық, 
яғни 
ақпараттық 
бірліктердің 
арасында 
арақатынастар анықталу қажет (мысалы, «бӛлік - бүтін», «тегі - түрі» және 
т.б.) 
- білімдер кейбір кеңістікті жасайды, бұл кеңістік метрлік немесе 
метрлік емес те болу мүмкін.
Ақпараттық бірліктер үшін аттарын қою, осы бірліктерді ажырату, 
арақатынастарды анықтау – күрделі есеп. Қарапайым құрылымы бар нақты 
объектілер үшін ақпараттық бірліктерге және арақатынастарға бір ғана 
ұсақтауы болады. Мысалы, «ит - құйрық» жүйесі үшін жалғыз ғана модель 
ойлап табуға болады «құйрық иттің бӛлігі».
Күрделі, ең бірінші абстракты, жүйелер үшін, «бүтіні» және «бӛлігі» 
қайсысы қайда түсінуге оңай емес. Қарастырайық, мысалы «доллар курсы» 


10 
жүйені, бұл үшін қайсысы маңызды параметр, қайсысы маңызды емес айқын 
айтаалмаймыз. Немесе кӛп мәнді арақатынасты «тию» (
А
В
-ға тиді) екенін 
әртүрлі жағдайға сәйкес түсіндіріп кӛріңіз.
Осындай проблемалардың шешуімен жасанды интеллектің «білімдер 
инженериясы» деген саласы айналысады. 
Күй
– екінші маңызды атау сӛзі. Әрбір ақпараттық бірліктер және 
толығымен барлық жүйе белгілі бір күйде болу мүмкін. Мысалы, шам бір 
күйде бола алады: қосылған - ӛшірілген. Бұл жағдайда күйлер кеңістігінің 
қуаты 2 (
1.4-сурет
қараңыз). 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет