2-БӚЛІМ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МІНДЕТТЕРІ 2.1. Жасанды интеллект — зерттеудің пәнаралық саласы Академиялық білімдердің әрбір саласында дәстүрлі есептердің
жеткілікті тар аясы болады. Осындай есептердің және олардың
тұжырымдамаларының тізбесі үсті-үстіне тарлау болып қалыптасады.
Зерттеулердің саласы ақырында ондаған жекеше есептерге бӛлінеді, олардың
біреулері есептелу мүмкін, басқаларының шешімдері болмайды.
Жүйелер теориясынан біз «пәнаралық тасымалдаудың» қажеттілігін,
яғни әртүрлі ғылымдар есептердің тұжырымдамаларын және оларды
шешетін жолдарын бір-бірінен ауысып алып пайдаланатынын білеміз.
Бір мысал келтірейік. Дәстүрлі медицинада арнайы «тамыр кеңейткiш»
препараттардың енгізумен тамырдағы қан қысымының нормалау әдісі
пайдаланады. Оның қолдануы, дегенмен, әрдайым болу мүмкін емес. Бұдан
басқа кеңейтудің белгілі бір шегі бар. Сонымен қатар қысымды түсіру үшiн
қанның тұтқырлығын азайтуға талаптануға болады, бірақ бұл жағымсыз
химиялық ӛзгерістерге желуі мүмкін.
Ұзақ уақыт бұл есептің шешімі табылмай тұрды. Жоғары айтылған
проблемаларды инженер-реологтар білмеді, бірақ ӛзінің саласындағы
(техникалық жүйеде сұйықтың қозғалысы) міндетті: «құбырдың диаметрі
ӛзгермейтін және сұйықтың химиялық құрамы сақталу жағдайда
құбырӛткізгіштің ӛткізу қабілетін жоғарылату», – деп қойды.
Нәтижесінде, құбырдың диаметры мен сұйықтың тұтқырлығын
ӛзгертпейтін, ағыстың сипатын (турбулентты тәртіптен ламинарлы тәртіпке)
ӛзгертетін, арнайы қоспаларды пайдалануға негізделген әдіс ұсынылды. Осы
әдістің медицинаға «кері тасымалдауы» сапалы эффект берді.
Қазіргі заманда ғалым ӛзінің зерттеу саласына ғана емес басқа шектес
салаларға жататың есептерді білу қажет. Жасанды интеллект үшін бұл
концепция ӛте маңызды, себебі жасанды интеллект – пәнаралық қолданбалы
зерттеу саласы. «Қолданбалы» дегеніміз, ӛйткені жасанды интеллект ұғымы
компьютерлік ғылымдардан және маңызды қоданбалы есептерден жеке бола
алмайды.