Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет14/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
 
 
4.2. Формалды (Аристотель) логикасы 
Аристотель атағы пікірлесуді зерттеуден шықты, кейін мұны формалды 
логика деп атады. Осы жағдайда «пікірлесу» - бұл ұғым. Пікірлесу дегеніміз 
белгілі, ішкі келісіп алынған бекітулердің (бастамалар) байланысы. Мысалы, 
екі бастама болсын: «крокодил жасыл» және «крокодил ашулы»; 


25 
қорытындысы «жасыл – демек, ашулы». Қорытындыны алу әдісі – бұл 
пікірлесу болып табылады. Кӛрініп тұрғандай, дұрыс емес және дұрыс, бірақ 
мағынасыз пікірлесулер болу мүмкін. Формалды логика – бұл дұрыс ойлау 
(логикалық қорытынды, пікірлесулер) операциялары мен заңдары туралы 
ғылым. Логиканың негізгі міндеті – пікірлесу дұрыс әдістерін дұрыс емес 
әдістерінен ажырату.
Аристотель жорамалдауы бойынша адам ойлауы тіл арқылы ӛтеді, 
сондықтан ой сӛзбен білдіргенде (айтылса) ғана ой болып шығады. Және сол 
кезде ол санайтын, сӛзбен айтылған ой – бұл тек графикалық жазу, 
символдар жолы, кейбір грамматикалық дұрыс сӛйлем және т.б. Егер 
грамматика ережелерін бұзбаса, онда сӛйлем мағынасын түсінбей-ақ, 
жауабын (не осы сӛйлемге қойылған сұрағын) тек грамматика ережелері 
негізінде құруға болады. Аристотель логикасының кӛзқарасынан 
пікірлесудің дұрыстығы тек осы пікірлесудің логикалық түріне тәуелді және 
оның мазмұнына тәуелді болмайды, сол себептен оны формалды деп атайды. 
Ой мазмұны пікірлесу дұрыстығына ешқандай әсер етпейді. 
Әлемде әртүрлі тілдер бар. Жазу әдістері (біз үйренген символды 
түрден графикалық - пиктограммаға дейін) ӛте ерекше болу мүмкін, кейде 
бұл тіл ме, кӛркем бейне ме (
4.2-сурет
) ажыратуы ӛте қиын. Ӛйткені кӛркем 
суретті де ақпаратпен алмасуға мүмкіндік беретін бірегей тіл деп айтуға 
болады.
Тіл дегенді қалай анықтауға болады? Классикалық логика жағынан тіл 
– бұл ішкі мазмұндарды және олардың арасындағы қатынастарды белгілеуге 
мүмкіндік беретін кейбір жүйе. «Ішкі мазмұн» және «қатынас» ұғымдары 
логиканың орталық ұғымдары болып табылады. Ішкі мазмұндар деп нақты 
әлемнің немесе нақты түрде болмайтын абстракты объектілерді айтады, 
мысалы: «автокӛлік», «айдаһар», «ақымақтық». Қатынастар – бұл ішкі 
мазмұндарды байланыстыру әдісі, мысалы: «жүреді», «ұшады», «бұрын». 
Қазір бұл терминды былай анықтайды: 
J
p
= {(
a
1

a
2
,..., 
a
n
) | 
a


A
i
және 
P
(
a
1

a
2
,..., 
a
n
) = Ақиқат} кӛптікте берілген 
n
-орынды предикаттың бағыныңқы 
кӛптігі (ақиқат саласы). Логика кӛзқарасынан тілдегі түрлі сӛйлемді: «ішкі 
мазмұн - қатынас - ішкі мазмұн» түрінде қарастыруға болады. Мысалы, 
«Арман алма жеді» сӛйлемде екі ішкі мазмұн бар («Арман», «алма») және бір 
қатынас «жеді».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет