Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Жасанды интеллектің қазіргі зерттеу салалары



Pdf көрінісі
бет7/76
Дата15.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#122505
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
1.3.2. Жасанды интеллектің қазіргі зерттеу салалары
Ӛткен ғасырдың соңғы он жылдығында интеллектуалды жүйелер 
дамуының келесі маңызды бағдарлары анық кӛрінді: 
1. Шығармашылық үдерістерді еліктейтін жүйелер. Музыкалық 
шығармаларды жасау, ойын есептерді (шахмат, дойбы, домино) шешу, 
автоматтандырылған аударма, теоремаларды дәлелдеу, бейнелерді айырып 
тану, ойлауды еліктеу және т.с.с. 
2. Білімдерге негізделген (сараптау жүйесі) ақпараттық жүйелер, яғни 
жабдықтарды күйге келтіру, тәжірибелі емес пайдаланушыларға кеңес беру, 
оқыту және т.б. 
3. Интеллектуалды ақпараттық жүйелер – заттық салада есептерді 
шешуге арналған математикалық және алгоритмдық модельдерге негізделген 
үлкен және ӛте үлкен бағдарламалар. Олардың мүмкіндігі: басқаруды 
оңайлату және адамның жұмыс кӛлемін азайту үшін пайдаланушымен 
мағыналы сұхбат жүргізу. 
4. Роботтық техника. «Интеллектуалдығы» жағынан бірнеше робот 
буындарын ажыратады. Бірінші буын – алдын ала бекітілген және 
ӛзгермейтін бағдарлама бойынша істейтін робот-манипуляторлар (мысалы, 
станокқа дайындамаларды әперетін). Екінші буын – бейімделген роботтар. 
Осындай роботтар әртүрлі датчиктермен (бұрышӛлшеуіштер, тензометрлер, 
газ талдаушылар және т.б.) жабдықталған. Роботтардың алғашқы екі түрі - 
ӛнеркәсіптік роботтар, олар арнайы ортада (зауыт цехында) жұмыс істеуге 
арналған. Нақты әлемде (мысалы, батып кеткен кемені зерттейтін) жұмыс 
істейтін роботтарға ӛте қиын: «қайда мен?», «алдымда не тұр?», «ӛтуге бола 
ма?» деген сұрақтарға жауап табу керек. Интеллектуалды роботтар ӛзінің 
датчиктер кӛрсеткіштерін және адам бұйрықтарын шын уақыт кӛлемінде 
ӛңдеу керек. Ұқсас проблемалар іздестіру роботтар да пайда болады, бұл 
ерекше бағдарламалар Ғаламторда құжаттарды индексациялауға арналған.
1.3.3. Жасанды интеллектің қазіргі теориялық мәселелері
1. Білімдерді ұсыну мәселесі 
1.1. Нейрон желілер мәселесі 
1.2. Кӛп критериалды шешімді қабылдау 
1.3. Шешімді қабылдаудың стохастикалық моделі 
1.4. Ӛте тар заттық салалар үшін модельдерді жасау 
2. Компьютерлік лингвистиканы әзірлеу 


13 
2.1. Жаңа берікті бағдарламау тілдерді жетілдіру
2.2. Табиғи тілге негізделген роботтарды басқару тілін жетілдіру 
3. Компьютерлік логика 
3.1. ЭЕМ-ның архитектурасын жетілдіру 
1.7-суретте
қарастырылған сұрақтар жинақтау түрінде келтірілген. 


14 
1.7-сурет
. Қарастырылған сұрақтар жинақталған түрде


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет