Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет18/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   210
27

2.3 Мəтіндік редактор
Турбо Паскаль ортасының мəтіндік редакторы программа мəтінін жазуға жəне редакциялауға арналған ыңғайлы құрал-дардан тұрады. Турбо Паскаль ортасының редакциялау режи-мінде тұрғандығын мəтіндік редактор терезесіндегі курсорға (жыпылықтағын кішкене тіктөртбұрыш) қарап білуге болады. Ре-дакциялау режимі Турбо Паскаль іске қосылғаннан кейін бірден автоматты түрде орнатылады. Редакциялау режимінен Турбо Па-скаль ортасының кез келген басқа режиміне функциональдық перне немесе негізгі меню арқылы көшуге болады. Егер орта негізгі меню жолынан таңдау режимінде тұрса, онда курсор көрінбейді, ал меню жолында көк түсті көрсеткіш –тіктөртбұрыш пайда болады. Негізгі меню жолынан таңдау режимінен редак-циялау режиміне қайта оралу үшін Esc пернесін басу керек. Ал негізгі меню жолынан таңдау режиміне өту үшін F10 пернесін басу қажет.
Терезенің оң жақтағы жəне төменгі бөлігінде айналдыру жолақшалары орналасқан (полоса прокрутки). Əр жолақшаның мəтінге байланысты терезе курсорының қай жерде орналасқа-нын көрсететін жеке “курсоры” бар. Айналдыру жолақшасына қарап, Сіз мəтіннің қай бөлігінде тұрғаныңызды жылдам анық-тай аласыз.
Программа мəтінін пернетақта көмегімен тереміз. Жаңа жолға көшу Enter пернесі арқылы орындалады.
Терезеде орналасқан жалпы символдар саны 64535-тен, ал программаның бір жолындағы символдар саны 126-дан аспауы керек.
Курсордыбағыттауышпернелер(←,↑,→,↓)арқылыбасқаруға болады. Егер Сіз кезекті символды қате терсеңіз, оны Backspace пернесінің көмегімен өшіруіңізге болады. Del (DELete – өшіру) пернесі курсор тұрған орындағы символды өшіреді, ал Ctrl – Y курсор тұрған жолды толығымен өшіреді.
Турбо Паскаль ортасында əр жолдың соңына экранда кө-рінбейтін жол соңы “белгісі” – бөлу символы қойылады. Бұл символ Enter пернесінің көмегімен қойылып, Backspace немесе Del пернесінің көмегімен өшіріледі. Егер бір жолды бірнеше жолға бөлу керек болса, онда курсорды бөлетін жерге орналастырып, Enter пернесін басу керек. Ал бірнеше жолды біріктіру үшін


28

курсорды бірінші жолдың соңына орналастырып, Del пернесін немесе екінші жолдың басына орналастырып, Backspace пернесін басу керек.
Мəтіндік редактордың қалыпты жұмыс жасау режимі – ығыстырып енгізу, яғни кірістіру режимі, əр енгізілген символ экрандағы мəтінді оңға жылжытып отырып жазылады. Қалып кеткен символды немесе жолды тек осы режимде ғана қоюға болады. Редактор сонымен бірге жаңа символды бұрын жазылған мəтінді өшіріп, оның үстіне жазу, яғни алмастыру режимінде де жұмыс жасай алады. Бұл режимде əр жаңадан енгізілген символ курсор орналасқан жердегі символ орнына жазылады. Экранда-ғы мəтін оңға жылжымайды. Символды режимінен символдар-ды алмастыру режиміне көшу үшін Ins пернесін басу керек. Ins пернесін қайта басу символды кірістіру режиміне қайта ауыстырады. Қай режимде жұмыс жасап отырғаныңызды курсор-ға қарап білуге болады: символды кірістіру режимінде курсор жыпылықтаған сызық, ал символдарды ауыстыру режимінде – биіктігі символмен бірдей жыпылықтаған тіктөртбұрыш болып өзгереді.
Редактордың айта кетерлік тағы бір мүмкіндігі – автошегініс режимі. Бұл режимде алдыңғы жол қай позициядан басталса, келесі жол да автоматты түрде сол позициядан басталады. Автошегініс режимі программа мəтінін безендірудің жақсы стилін береді: сол жақ шеттен басталған шегініс арқылы шартты немесе құрама операторлар тобын ерекшелеп бөліп орналастыруға бо-лады. Автошегініс режимін алып тастау үшін Ctrl пернесін ба-сып тұрып, алдымен латын алфавитінің О пернесін басып, сонан кейін О пернесін жіберіп, I пернесін басу керек. Осы пернелерді қайталап басу жолымен автошегініс режиміне ауысуға болады.
Турбо Паскаль мəтіндік редакторының жиі қолданылатын ко-мандалары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет