2.2 Функциональдық пернелер қызметі Функциональдық пернелер Турбо Паскаль ортасын басқару үшін қолданылады. Олар F1, F2, …, F12 деп белгіленіп, пернетақтаның жоғарғы бөлігінде орналасады. Əр перне Турбо
26
Паскаль ортасының негізгі менюінің бір командасымен байла-нысқан. Функциональдық пернелер қызметін: Alt (ALTernative – қосымша), Ctrl (ConTRoL – басқару) жəне Shift (SHIFT – жыл-жыту) пернелерінің бірімен қатар басып түрлендіруге болады.
F1 – ішкі анықтамалық жүйеден мəлімет алу (Help – көмекалу);
F2 – редакцияланып жатқан файлды дискіге жазу;
F3 – дискідегі файлды редактор терезесінде ашып оқу;
F4 – программаны жөндеу режимінде қолданылады: прог-рамманың орындалуын бастау немесе тоқтату жəне прог-рамманың атқарылуын курсор тұрған жолда тоқтату;
F5 – екпінді терезені бүкіл экранды толық алатындай етіпұлғайту;
F6 – келесі терезені екпінді ету;
F7 – программаны жөндеу режимінде қолданылады: прог-рамманың келесі жолын орындау; егер келесі жолда про-цедураны (функцияны) орындау керек болса, онда сол процедураға кіріп оның бірінші операторын орындау ал-дында аялдау;
F8 – программаны жөндеу режимінде қолданылады: прог-рамманың келесі жолын орындау; егер келесі жолда про-цедураны (функцияны) орындау керек болса, онда сол процедураны (функцияны) орындап, жұмысын тексеру;
F9 – программаны компиляциядан өткізу, орындауға жібер-меу;
F10– негізгі меню көмегімен сұқбаттасу режиміне көшу; Ctrl– F9 – программаны атқару: редактордағы программаны
компиляциядан өткізіп, оны жедел жадыға жүктеу жəне программаны орындап Турбо Паскаль ортасына қайтып оралу;
Alt – F5 – редактор терезесін программа нəтижесі шығатынтұтынушы терезесіне ауыстыру.
Осы айтылғандардың ішінен біздің жиі қолданатынымыз: Ctrl – F9 программаны орындау жəне Alt – X Турбо Паскаль орта-сынан шығу. F2 жəне F3 пернелері файлмен жұмыс істеу үшін қажет. Ал ALT – F5 пернелерінің көмегімен кез келген уақытта орындаған программа нəтижесін көре аламыз.