2.1 сурет. Турбо Паскаль іске қосылғаннан кейінгі экран түрі
25
Турбо Паскаль біріктірілген ортасын сыртқы түрі бойынша үш бөлікке бөлуге болады.
Бірінші, ортаңғы бөлік– көп терезелі мəтіндік редактораймағы. Мұнда программа мəтіні (немесе басқа мəтін) теріліп, редакцияланады.
Екінші, экранның жоғарғы бөлігі– біріктірілген орта ресур-старын басқаруға арналған негізгі меню қатары. Негізгі меню Турбо Паскаль программалау жүйесінің барлық функционал-дық мүмкіндіктерін басқаратын болғандықтан, оның көмегімен біріктірілген ортаны тез игеріп кетуге болады.
Үшінші, экранның төменгі бөлігі– түсініктеме қатары. Бұлжолда жүйенің қалып-күйі жəне осы мезетте орындауға болатын іс-əрекеттер жайлы мəліметтер беріліп отырады.
Оң жақ жоғарғы бұрышта терезе нөмірі жазылады. Турбо Паскаль жүйесімен жұмыс жасағанда бір мезетте бірнеше те-резе ашуға болады. Терезелердің əрқайсысын жеке-жеке ашуға, жабуға, екпінді етуге, көлемін жəне экрандағы орнын өзгертуге болады. Қанша терезе ашсаңыз да, оның тек біреуі ғана екпінді күйде болады. Екпінді терезе дегеніміз – екі ақ түсті жақтаулар-мен көмкерілген терезе. Екпінді терезе ішіндегі курсорды ба-ғыттауыш пернелер (←,↑,→,↓) арқылы басқаруға болады. Жақ-тау бойында терезені басқаруға арналған арнайы символдар орналасқан. Жақтаудың жоғарғы жақ ортасында редакциялау үшін ашылған файл аты жазылады. Файл аты ретіне қарай ашыл-ған терезелер санына байланысты автоматты түрде NONAME00. PAS немесе NONAME01.PAS, NONAME02.PAS, т.с.с. болып жазылып тұрады. NONAME – аты жоқ файл деген мағынаны білдіреді. Оларды сақтау кезінде қалауымызша өзгерте аламыз.
Турбо Паскаль жүйесінде мəтіндік редактор терезесінен басқа: программаны жөндеуіш терезе, программа нəтижесін шығару терезесі, анықтама терезесі, стектер жəне регистрлер терезелері қолданылады. Бұл терезелерді қалауыңыз бойынша кезек-кезек немесе бір мезетте қатар ашып қоюыңызға болады.