Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1


2. ТУРБО ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ



бет15/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   210
Байланысты:
boribaev-algoritmdeu

23

2. ТУРБО ПАСКАЛЬ ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ

Турбо Паскаль программалау жүйесі – Паскаль тілінің (фран-цуздың атақты математигі жəне философы Блез Паскальдің (1623 – 1662) құрметіне осылай аталған) компиляторы жəне про-грамма құру мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған құралдары бар программалық қоршаудан тұрады. Алдағы уақытта қысқарақ жазылуы үшін Паскаль тілінің компиляторын Турбо Паскаль тілі, ал программалық қоршау арқылы орындалатын мүмкіндіктердің барлығын Турбо Паскаль ортасы деп атайтын боламыз.


2.1 Турбо Паскаль ортасымен жұмысты бастау
Турбо Паскаль жүйесінің көлемі үлкен, ол бірнеше дистри-бутивтік дискеттерге жазылып, қатты дискіге орнатылады. Жү-йені қатты дискіге орнатқан кезде ТР (немесе PAS, TURBOPAS, PASCAL) деген атпен жеке каталог ашылады да, оның ішіне дистрибутивті дискідегі барлық файлдар көшіріліп жазылады. Турбо Паскальді іске қосу үшін ДК файлдарының бұтақ тəріздес құрылымының ішінен осы ТР каталогын, оның ішінен TURBO. EXE файлын тауып алу керек. Бұл файлда жұмыс істеуге дайын тұрған Турбо Паскальда программалаудың сұқбаттасу жүйесі бар. Файл Турбо Паскальдың ең негізгі минимальды құрамынан (мəтіндік редактор, компилятор, программа жинақтауышы жəне жүктеуіш) тұрады. Сонымен бірге осы ортада қалыпты жұмыс жасауға қажет TURBO.TPL файлында жазылған негізгі кітапхана мен анықтамалық мəлімет (TURBO.HLP) керек болады. Кітапта келтірілген көптеген мысалдарды теріп жазып, компиляциядан өткізіп, орындау үшін осы файлдар жеткілікті болып табылады.
Егер аталған файлдар D: дискісінің ТР каталогында орналас-қан болса, онда MS DOS ортасында Турбо Паскальді іске қосу үшін төмендегі команданы орындау керек:
D:\TP\TURBO
Осы команда бойынша MS DOS операциялық жүйесі TURBO. EXE файлын орындауға жібереді: программаны компьютер жедел жадына жүктеп, басқаруды осы программаға береді. Жүйемен жұмыс жасағанда ТР каталогын үнсіз келісім бойынша таға-


24

йындалатын ағымдағы жұмыс каталогы ретінде пайдалануға болмайды. Себебі байқаусызда каталог ішіндегі басқа файлды өшіріп алып, программалау жүйесін істен шығарып алуымыз мүмкін, оған қоса, біраз жұмыс істегеннен кейін бұл каталог Турбо Паскальға тікелей қатысы жоқ жұмыс файлдарына толып кетеді. Бұдан былай ТР каталогы жүйелік каталог деп атаймыз.
Жүйелік каталогты ағымдық жұмыс каталогы ретінде қол-данбаудың тағы бір себебі, Турбо Паскаль жүйесі баптау пара-метрлерін TURBO.TP жəне TURBO.PCK файлдарында сақтап отырады. Жүйе іске қосылған кезде осы файлдарды ол ағым-дағы каталогтан іздейді. Егер ағымдағы каталог сіздің жеке каталогыңыз болса, онда жүйе іске қосылған кезде сіздің талап-тарыңызға сай параметрлерді өзі таңдап алады. Бұл файлдар сіздің каталогыңыздан табылмаған жағдайда, олар жүйелік ката-логтан ізделеді, файлдар ол жерден де табылмаса, стандартты параметрлер автоматты түрде таңдалып іске қосылады. Жұмыс соңында керекті параметрлерді сақтайтын файлдарды өз ката-логыңызда сақтасаңыз, жүйе іске қосылған сайын баптау пара-метрлерін таңдауды орындамайсыз.
Турбо Паскаль жүйесі ойдағыдай іске қосылғаннан кейін экран беті 2.1 суретте көрсетілгендей түрде болады.
Турбо Паскаль жүйесінен шығу үшін Alt+X пернелерін қатар басу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет