Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет3/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   210
Программалау тілі ЭЕМ-дерде программаларды орындау
ісін атқарады.

Программа – алгоритмді машинаға түсінікті нұсқаулар тізімі ретінде жазу. Программада берілген мəліметтердің си-паттамаларымен бірге оларды өңдейтін командалар болады. Осы командалар тізбегі орындалу барысында есептің нəтижесі шығады. Командалар қандай мəліметтер қандай операцияларға қатынасатынын, олар қандай реттілікпен орындалатынын жəне нəтиженің қандай түрде шығарылатынын көрсетеді. Бұлар опера-торлар арқылы жүзеге асырылады.
Əрбір ЭЕМ алдын ала жазылған программамен істейді. Про-цессор программаның құрамындағы командаларды кезекпен орындап отырады. Командалар тізбегін программа деп қарас-тыруға болады. Команда бір ғана қарапайым амалды орындау үшін берілген бұйрық ретінде беріледі. Командалар: арифметика-лық немесе логикалық амал; ақпаратты тасымалдау командасы;


4

берілген сандарды салыстыру командасы; келесі командаларға көшу тəртібін орындау, т.с.с.
Алгоритм жəне программа ұғымдары ұқсас екені көрініп тұр, алгоритм есептің шығару жолын қарапайым əрекеттер тізбегімен өрнектесе, программа сол өрнекті машинаға түсінікті тілмен жазып береді. Сондықтан программа жазу тəсілдері солардың қандай ережені пайдаланып, қандай компьютерлерге арналып жазылғанына байланысты алгоритмдік тілдер немесе программа-лау тілдері ұғымына келіп тіреледі.
Мəліметтер – белгілі бір процесс көмегімен тасымалдап, өңдеуге болатын, формальды түрде бейнеленген фактілер мен идеялар.
Оператор – операциялар мен мəндерді көрсететін немесе солардың элементтерінің қай жерде орналасқанын білдіретін символдар жиыны. Мысалы:
А:= В+С; {А, В, С – айнымалы;}
К:= 2; IF T<0 THEN ...

Айнымалы – программа орындалуы барысында өз мəнін өзгерте алатын объект.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет