Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 1



бет8/210
Дата06.01.2022
өлшемі4,42 Mb.
#16437
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   210
Алгоритмдерді бейнелеу блоктары










Іс-əрекеттің аты

Блоктың пішімі

Атқаратын

жұмысы







Процесс




Математикалық




өрнектерді есептеу
















Басы – соңы




Алгоритмдерді




бастау, аяқтау
















Алдын ала




Қосалқы

анықталған процесс







программаларға

(подпрограмма)







кіру жəне шығу


















9


Шешім




Есеп шығару




жолын таңдау
















Модификация




Цикл басы










Құжат




Нəтижені баспаға




(қағазға) шығару
















Енгізу-шығару




Мəліметтерді енгізу




жəне шығару
















Түсініктеме




Схеманы, формула-




ларды түсіндіру
















Сонымен алгоритм блоктармен немесе геометриялық көпбұ-рыштар түріндегі фигуралармен өрнектеледі.


Блок-схемалар дəстүрлі (кəдімгі) жəне құрылымды болып екіге бөлінеді.
Табиғи тіл сөздері арқылы көрсетілген алгоритмдегі мысал-ды блок-схемалар арқылы бейнелеу төмендегі суретте көрсетіл-ген. Онда берілген жиым сандарының көрсетілген аралықта,


10

яғни интервалда толығынан жататынын/жатпайтынын тексеру керек болатын. Интервал өзінің шекаралық А жəне В мəндерімен берілген.



Құрылымдық диаграммалар – модульдер арасындағы бай-ланысты көрсететін, мəліметтер құрылымын, программаларды жəне мəліметтерді өңдеу жүйелерін бейнелейтін құрылымдық блок-схемалар ретінде пайдаланылады. Құрылымдық диаграмма-лардың бірнеше түрлері болады: Насси-Шнейдерман диаграмма-сы, Варнье диаграммасы, Джексон диаграммасы, МЭСИД жəне т.б. диаграммалары.


11

МЭСИД диаграммасының негізгі элементтері

МЭСИД диаграммасын пайдалануға бір мысал келтірейік. Оң жəне теріс сандардан тұратын бір өлшемді жиым беріл-


ген. Осы жиымдағы оң элементтердің қосындысын оның теріс элементтерінің қосындысына бөлгендегі бөліндіні анықтау қа-жет. Төменде осы есептің диаграммасы мен соған сəйкес Паскаль тілінің операторлары оның оң жақ бөлігінде келтірілген.


12




Программалау тілдері – программаларды ЭЕМ-де тікелей орындауға арналған алгоритмдерді жазу тəсілі. Программа – алгоритмнің ЭЕМ-ге түсінікті түрде жазылуы.
Əрбір машинаның өз тілі (машиналық тіл) болады жəне ол тек осы тілдегі программаларды, яғни командалар тізбегін орын-дай алады. Программаларды машиналық тілде жазу өте күрделі, əрі адамды шаршататын жұмыс болып табылады. Программа-лаушылардың жұмыс өнімділігін арттыру мақсатында жасанды тілдер, яғни программалау тілдері қолданылады. Мұндайда жа-санды тілде жазылған программа машиналық тілге аударылуы тиіс. Аудару жұмысын, яғни программаны бір тілден екінші тілге түрлендіру ісін транслятор атқарады. Жиі қолданылатын, тікелей интерпретация жасайтын транслятор түріне Бейсик тілінің транс-ляторы жатады, ол командаларды аударады да, оны бірден орын-дайды. Мұндай транслятор жұмысының қорытындысы қажетті нəтижелерді алу болып табылады.
Паскаль тілінің трансляторы – компилятор түрінде бола-ды. Мұнда бастапқы жазылған программа мəтіні машина тіліне аударылады да, объектілік модуль деп аталатын программа коды шығарылады. Сонан соң объектілік модуль Программа аралық байланыс редакторы деп аталатын программа арқылы өңдел-геннен кейін барып қана жұмыс істеуге дайын болады.


13

Алгоритмдік, яғни программалау тілдері есептерді шығару жолын баяндау-өрнектеу үлгісі, белгілі бір проблеманы шешу негізінде орындалатын əрекеттерге басшылық, ой еңбегін үнем-деуге мүмкіндік беретін əдіс, есеп шешімін табуды автомат-тандыруға қажетті іс-əрекет, жаңа проблеманы шешу кезінде қолданылатын тəсілдер, күрделі процестерді өрнектеу жəне мате-матикалық дəлдікпен анық етіп жазу құралы бола алады.
1.4. ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері
ЭЕМ-де есеп шығару күрделі процесс болып есептеледі, ол төмендегі кезеңдерден тұрады:


  1. Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу, яғни есепті мəселе ретінде қоя білу.




  1. Есепті шығарудың ЭЕМ-ге ыңғайлы сандық тəсілдерін анықтау.




  1. Есепті шығару жолын алгоритм түрінде бейнелеу.




  1. Есепті ЭЕМ-де шығару программасын жасау жəне оның қа-телерін түзету.




  1. Есепке керекті мəліметтер дайындау.




  1. ЭЕМ-де есепті шығару жəне шыққан нəтижені іс жүзінде қолдану.

Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу дегеніміз – есептің берілген мəндерін математикалық таңбаларды қолданып жаза білу жəне керекті математикалық формулаларды, өрнектерді анықтау болып саналады.


Күрделі формулаларды, теңдеулерді арифметикалық амалдар тізбегіне айналдыру есепті шығарудың сандық тəсілдерін табу не анықтау жолы болып есептеледі. Қазіргі кезде барлық есеп-тердің шығару жолының сандық тəсілдері белгілі десе де болады, тек солардың ішінен өзімізге тиімді жолын таңдап алуымыз ке-рек. Бұл мақсатта есепті шығару дəлдігін, нəтижені жылдам табу мүмкіндігін, мəліметтерді дайындау мен есепті шығарудың баға-сын салыстыра отырып қарастыру қажет.
Есептің алгоритмін жасағанда, оның шығару жолы тізбек-телген іс-əрекеттер ретінде схема түрінде өрнектеледі.
Программа жасағанда қазірде кеңінен тараған программа-лау тілінің бірінде алгоритм нақты түрде жазылады. Бізде кең


14

тараған тілдерге - Паскаль, Дельфи, Си жатады. Жазылған прог-рамманың қатесін түзету ЭЕМ-нің көмегімен шешіледі, өйткені жіберілген қателерді тек ЭЕМ ғана жылдам аңғарып, түзету мүмкіндігін береді.
Есепті шығаруға керекті деректерді сұрыпталған күйінде алдын ала қағазға, əйтпесе магниттік дискіге жазып, ЭЕМ-нің жадына реттей отырып енгіземіз. Есептің нəтижесін алған соң шешім қабылдау жəне оны іс жүзінде қолдану – мамандардың жұмысы. Тек солар ғана белгілі бір шешім қабылдай алады. Бірақ оқып-үйрену барысында кездесетін, яғни студенттерге арнал-ған есептерде жоғарыда көрсетілген сатылардың бірсыпырасы болмайды, өйткені олар бірден формула күйінде беріледі, шы-ғарудың сандық тəсілі формулада айқын көрініп тұрады (интеграл, туынды болмаса), нəтижені алған соң, оны жазып алу жеткілікті. Мəселені шешудің немесе есеп шығарудың көрсетілген алты са-тысы күрделі өндірістік есептерде, дипломдық немесе курстық жұмыстарда жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   210




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет