6
есептеулер мен инженерлік модельдеу саласындағы бағдарламалық
шешімдер туралы білімді арттыру мен толықтыруға зор үлес қосары анық.
Заманауи жоғары ӛнімді
есептеуіш машиналарының, республика
кӛлемінде екі университетте енді ғана орналастырыла бастауы - бұл саланың
Қазақстан үшін әлі де болса жазылмаған ақ парақ екендігінің белгісі.
Ақпараттық
технологиялардың
―жарық
жылдамдығымен‖
дамып
жатқандығы сондай, бүгінгі кӛшбасшы ертең-ақ аутсайдерге айналатыны
анық. Дегенмен замана кӛшінен қалмас үшін алғашқы қадам жасалуы керек
болған – ол жасалды. Бүгінгі күні ҚР Тұңғыш Президентінің қорынан осы
мақсатта қомақты қаржы бӛлініп, қор жанынан суперкомпьютерлік
технологиялар орталығы ашылмақ. Жақында Алматыда Қор ӛкілдері әлемдік
Intel компаниясының ӛкілдерімен орталықты
ашу бағытындағы әріптестік
жӛніндегі келісімге қол қойғаны белгілі. Бұл Жаңа орталық Қазақстанда Intel
мультиядролық шағын процессорлар негізінде ӛндіріс пен ғылым, жоғары
білім саласын дамытуға бағытталған шешімдерді жасақтау, технология мен
үлгілерді, ғылыми-инженерлік
шешімдерді дамыту, мамандарды дайындау
мен біліктілігін кӛтеру, зерттеушілерге кӛмек кӛрсету, әлемдік
суперкомпьютерлік орталықтармен байланыс орнатуға ықпал жасамақ.
1993 жылдан бастап TOP500 ұйымы әлемдегі ең күшті
суперкомпьютерлердің рейтингтерін жасап отырады, нәтижелері жылына екі
рет: маусым мен қараша айларында жарияланады. 2011 жылдың маусым
айында жарияланған тізімі бойынша, әлемдегі
ең қуатты суперкомпьютер
болып RIKEN ғылыми-зерттеу институтында орналасқан жапондық K
Computer-і тіркелген. Оның ӛнімділігі, екінші орынды иеленіп тұрған есептеу
қуаты 2,6 петафлопс құрайтын қытайлық суперкомпьютерден шамамен үш
есе жоғары.
Тізімдегі үшінші орынды Cray компаниясы құрастырған америкалық
Jaguar суперкомпьютері иеленген. Ең қуатты компьютерлердің алғашқы
ондығына, жапондық екі есептеу машинасы, қытайлық – екі, америкалық –
бес және француздық бір компьютер кіреді.
МГУ мамандары қатысуымен
құрылған Ресейлік ең қуатты
«Ломоносов» суперкомпьютері, рейтингте он үшінші орынды иеленеді.
Оның қуаты шамамен 0,67 петафлопс.
Енді осы суперкомпьютерлерде пайдаланылып жатқан операциялық
жүйелерге келсек, TOP500-ге кірген есептеу жүйелерінің 400-ден астамы
Linux ОЖ-нің әр түрлі нұсқаларымен жұмыс істейді (80% астамы), Unix-пен
22 жүйе, Windows HPC 2008 ОЖ-5 жүйе, ал қалғандары аралас операциялық
жүйелерді қолданады (шамамен 6%).