250
Биотехнология (гр. bios – тіршілік, techne - өнер, шеберлік, logos – ғылым, ағ.
biotechnology ) – экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттар өндіру жəне
жоғары өнімділігі бар микроорганизмдер штаммдарын, өсімдіктердің сорттары мен
формаларын, жануарлардың асыл тұқымдарын шығару үшін биологиялық үдерістер
мен арнайы зерзаттарын пайдалануға негізделген ғылым мен өндірістің жаңа
саласы.
Биотехнология жаңаша – генді-инженериялық жəне жасушалық əдістермен
генетикалық трансформацияланған (түрлендірілген) өсімдіктердің, жануарлардың,
микроорганизмдер мен вирустардын əртүрлі бағытқа арналған жаңа өнімдерін алу
мен өндірісті интенсификациялау мақсаттарында пайдалану жөніндегі ғылым.
Биотрансформация (гр. bios – тіршілік, лат. trans formatio – айналу) –
қоректік ортада өскен жасушалардың ферменттері қатысуымен арзан жəне қоры мол
бастапқы заттардан биологиялық активті қосылыстарды синтездеу (биологиялық
жолмен бір затты басқа затқа айналдыру).
Будан асимметриялық (ағ. hibrid asymmetric) – аталық жəне аналық ретінде
қосылысқан жасушалардың біреуінің ядролық гендерінің толық жиынтығымен
қатар екіншісінің тек цитоплазмалық гендерін қабылдаған будан жасуша.
Будан гетероплазмалық (гр. heteros – басқа, plasma – құрылған, түзілген, ағ.
hybrid heteroplasmic) – цитоплазмалық гендері (плазмагендер) бойынша
гетерозиготалық будан жасуша.
Будан цитоплазмалық (цибрид) (ағ. hibrid cytoplasmic) – аталық жəне аналық
ретінде қосылысқан жасушалардың тек қана біреуінің ядросын (ядролық гендерін)
қабылдаумен қатар екеуінің де, немесе баламалы біреуінің ғана цитоплазмалық
гендерін бойына дарытқан будан жасуша.
Будан ядро (ағ. hybrid nucleous) – аталық жəне аналық ретінде қосылысқан
жасушалардың екеуінің де бүкіл гендерін (геномдарын) толығымен иемденген
будан жасушаның ядросы.
Достарыңызбен бөлісу: