251
Вирусты айқындаушы өсімдіктер (ағ. indicator plant) – вируспен
зақымданған өсімдіктен алынған шырынды
жапырақ бетіне тамызғанда, сол
шырында вирустар бар екендігі туралы арнайы сезімталдық реакция арқылы белгі
беретін өсімдіктер (жұққан вирусқа тəн морфологиялық өзгерістер тез арада айқын
көрінеді).
Витальды əдіс – репродуктивті жасушаларға
немесе эмбриондарға зиян
келтірмей зерттеу тəсілдері.
Витрификация (лат. vitrum – шыны, facere – істеу, жасау) - өсімдіктерді
жасанды ортада (in vitro) өсіргенде болатын қолайсыз құбылыс, өсімдіктер өте мол
суланады да əйнек (шыны) тəрізді болып көрінеді.
Г
Гаметалар мен эмбриондарды бағалау – микроскоп арқылы аталған
құрылымдардың биологиялық толыққұндылығын анықтау.
Гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі – гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі
бар уақыттың ұзақтығы.
Достарыңызбен бөлісу: