Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет129/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Жасуша генерациясының мерзімі (лат. generatio - туу) – жасушаның кезекті
екі бөлінуі арасындағы мерзім.
Жасуша циклі (гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер) – жасушаның бір бөлінуінен
екінші рет бөлінуіне дейінгі жасушада жүретін тіршілік үдерістердің жүйесі, ол
митоздан (мейоздан) жəне интерфазадан (G1, S, G2) тұрады.
Жасушалар популяциясы (лат. populus – жұрт, ел) – жасанды қоректік
ортада өсірілген жасушалардың жиынтығы.
Жасушалар суспензиясы (лат. suspension – асып қою, ағ. suspension cell
culture) – жеке жасушаларды немесе кішігірім жасушалар топтарын арнаулы
қондырғы арқылы ауамен қамтамасыз етіп жəне араластыра отырып, сұйық қоректік
ортада өсірілуі.
Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру – үздіксіз ағып кіріп тұрған жаңа
қоректік орта мен төгіліп сыртқа ағып шыққан жасушалар суспензиясының
қарқынының (көлемдерінің) тең болуы.
Жасушаларды ағынды жабық жүйеде өсіру – жасушалар өсетін сұйық орта
үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп
құйылу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.
Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру – сұйық қоректік ортада
өскен жасушалар суспензиясының бір бөлігі оқтын-оқтын алынып, оның орнына нақ
сондай мөлшерде жаңа қоректік орта құйылып тұрады.
Жасушаларды жаңа қоректік ортаға көшіру (пассаж) (фр. passage-ery, ағ.
subculture) – жасушаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар шыны ыдысқа
ауыстырып отырғызу.
Жасушаларды қорландырып (мерзімді) өсіру – жасушалар суспензиясын
жабық ыдыста бастапқы құйылған қоректік ортасында жаңартылмай өсіру.
Жасушаларды мұздатып сақтау (ағ. cryopreservation) – мұздатып алып, өте
төмен температурада сақтау, мысалы, сұйық азотта - 196ºС температурада.
Жасушаларды турбидостатта өсіру – фотоэлементті қолданып биомасса
концентрациясын тікелей бақылау арқылы, жасушаларды сыртқы жағдайдан
ешқандай шектеусіз, үздіксіз өсіру.


256


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет