Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Жатыр – жатыр мойны, денесі, оң жəне сол түтікшелерінен құрылған шарана дамитын мүше. Жəй (қарапайым) ақуыздар



Pdf көрінісі
бет131/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Жатыр – жатыр мойны, денесі, оң жəне сол түтікшелерінен құрылған шарана
дамитын мүше.
Жəй (қарапайым) ақуыздар – протеиндер, молекулалары тек амин
қышқылдарының қалдықтарынан тұрады.
Жеке жасушаларды өсіру – жеке жасушаларды сирек отырғызып қоректік
ортада өсіру; ол үшін өте құнарлы қоректік ортаны, «бағушы» немесе «қоректік
қабатты» қолдану керек.
Жоғары дисперсиялық жасушалар суспензиясы – сұйық қоректік ортадағы
жасушалардың жекелену дəрежесі жоғары суспензия ( бір топта 50 жасушаға дейін)
жəне морфологиясы біркелкі жасушалар (мөлшері оташа, цитоплазмасы тығыз).
Жыныстық қозу – қан құрамындағы жыныс гормондарының артуы
(эстроген, андроген, т.б) əсерінен малдардың жыныстық белсенділігінің көрініс
беруі.
Жыныстық цикл – аналық безінің функционалды белсенділіктерінің
ритмикалық алмасуы салдарынан болатын, ағзадағы гормоналды тепе-теңдіктің
өзгеруі.


257
З
Заттық жəне жабын əйнектері – жасушалық селекцияда жəне де басқа
микроскопиялық зерттеулерде қолданылатын, түзу, ұзынша жəне жұқа төртбұрыш
болып келетін əйнекшелер кесінділері.
Зертханалық дəріхана (аптека) – əртүрлі дəрі-дəрмектерді сақтауға арналған,
көптеген суырмалары, сөрелері мен түсірілетін столдары бар шкаф.
Зигота – ұрықтанған аналық жұмыртқасы. Зиготаның екі кезеңдерін
(стадиясын) ажыратады: екі пронуклеустар (кариогамияға дейін) жəне ересек зигота
(кариогамиядан кейін) кезеңдері.
И
In vitro (лат. in vitro - шыныда) – шыныда, жасанды жағдайда.
In vivo (лат. in vivo – тірі орнанизмнің құрамында) – тіршілік иесінде, оның
құрамында, бөлінбеген күйде.
Идиотип (гр. idios – өзіне тəн, typos – із, таңба, үлгі, қалып, ағ. idiotype) –
организмнің барлық гендерінің (ядродағы, митохондриядағы, хлоропластардағы)
жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет