Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет132/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152
Изогендік желі (линия) (гр. isos – бірдей, тең, ұқсас, genos – шығу тегі, туыс)
– гомозиготалық организмдерден тұратын топ.
Иммобильденген 
жасушалар (лат. immobilis – жылжымайтын,
қозғалмайтын, ағ. immobilbsed cells) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі
қабатына бекіген немесе полимерлік гельдер құрамына енгізілген, қозғаласы
шектелген, осы ортада өсетін жасушалар.
Иммуноферментік талдау (лат. immunitas – құтылу, босану, ағ. enzyme
immunoassay) – «антиген-антидене» комплексінің ферменттік активтігін анықтауға
негізделген иммунодиагностикалық əдіс; сезімталдығы өте жоғары.
Индукциялау (лат. induction – қозу, ағ. induction) – сыртқы орта факторлары
немесе өсімдіктің бір бөлігінің екінші бөлігіне əсер етіп, өсімдіктің даму жолын
белгілеу. Олар индукторлар, мысалы: гормондар, сыртқы ортаның түрлі
факторлары, кейбір метаболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір
жүйеге келтіреді, себебі сол жүйенің ғана индукторлық əсерін қабылдауға
мүмкіндігі бар.
Инокулюм (лат. inoculation – егу, ағ. inoculum) - жаңадан дайындалған
қоректік ортаға көшіріп отырғызу үшін қолданылатын суспензияның азғантай
бөлігі.
Интегумент (лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – дəнді өсімдіктердің
тұқым бүршігінің қабықша ұлпасы.
Интрон (лат. integumentum – жапқыш, жамылғыш) – ДНҚ молекуласында
мағыналы кодтардың араларында кездесетін мағынасыз нуклеотид тізбектері;
процессинг нəтижесінде рестриктаза ферментінің əсерімен интрон үзіліп түсіп
қалып отырады да, қалған мағыналы тізбектерден пісіп жетілген информациялық
РНҚ түзіледі.
Ипсиляторлық бет – аналық безінің овуляция жасалынған жағы.


258
I
In vitro жағдайында өсіру – фолликулалар немесе олардан бөлектенілген
ооциттер, эмбриондардың арнайы дайындалған қоректік ортаға салынып, өсірілу
əдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет