Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет140/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   152
Плазмаген (гр. plasma - жасалған) – жасушаның ядродан тыс бөліктеріндегі
(митохондриялар мен хлоропластарда) генетикалық элементтердің жиынтығы.
Плацента (лат. placenta – күлше) – түйіндегі тұқым бүршігі пайда болатын
жəне орнығатын жері.
Плоидтылық (лат. ploos – еселі, eidos - түр) – көп жасушалы организмнің
барлық жасушаларында немесе жеке жасушасында болатын хромосомалар
жиынтығы; бір түрдің барлық дараларында бірдей болады.
Полиплоид (гр. polys – көп сан) – ядро, жасуша немесе организмдегі
хромосома жиынтығы санының гаплоидтық жиынтығына еселей көбеюі (екі есе,
төрт есе, т. с. с.).
Популяцияның екі есе көбею мерзімі (лат. – populus – жұрт, ел) – қоректік
ортада жасушалар жиынтығының екі есе көбеюіне қажет уақыт.
Прокариоттық жасуша (лат. – pro – ертерек, бұрын, алдында, гр. karyon -
жаңғақ) – мембранамен қоршалған, ядросы жоқ, қарапайым организмдер жасушасы
(бактериялар, көк-жасыл балдырлар)
Пролиферация (лат. – proles – буын, ұрпақ, fero – алып жүремін) – бастапқы
бар жасушалардың көбеюі арқылы жасушалар мен ұлпалардың жаңадан пайда
болуы.
Протопласт (гр. protos – бірінші, алғашқы, plastos – жасалған, protoplast) -
өсімдік жасушасы ішіндегі заттардың жалпы атауы; ферменттердің əсері немесе
механикалық əдістермен қабығы түгел жойылған өсімдік жасушасы.
Протопластарды өсіру (ағ. protoplast culture) протопластарды сұйық қоректік
немесе агарланған қою ортада өсіру; оның құрамына қосымша компонент ретінде
осмостық активті зат (стабилизатор) кіреді; протопластардың қабығы түзілгенде
протопластарды өсіру жасушаларды өсіруге айналады.
Протопластардың құйылысуы (ағ. protoplast fusion) екі, тіпті одан да көп
протопластардың сыртқы мембраналары қосылып, жеке бір жасушаның пайда
болуы.
Псевдогамия (гр. pseudos – жалған, gamos - неке) – жалған ұрықтану;
ұрықтанбаған аналық жасушасынан организмнің дамуы (гиногенез).


264


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет